Пайғамбар (с.ғ.с): «Алла сенің садақаңды қабыл етті»

Пайғамбар (с.ғ.с): «Алла сенің садақаңды қабыл етті»

Ғибратнама
Жарнама

«Керісінше, ғафу етіп, кеңшілік жасасын! Әлде Алланың өздеріңе кеңшілік жасағанын қаламайсыздар ма? Алла – өте кешірімді, (әсіресе, мүмін құлдарына) ерекше мейірімді» ("Нұр", 22).

Алла Тағаланың құлындағы ең жақсы көретін қасиеті – кешірім. Себебі Алла Тағаланың Өзі кешірімді және кешіргенді жақсы көреді. Алла Тағала кешірімді құлдарын аса қатты жақсы көреді.

Пайғамбарымыз сахабаларын күнделікті садақа беруге үндеген еді. Солардың ішінде Ульба ибн Зәйд деген кедей сахабасы бар еді. Садақа қылатын ешнәрсесі болмай, былай дейді: «Маған зұлымдық қылған адамдарға арымды, абыройымды садақа қылдым».

Келесі күні Пайғамбарымыз сахаба Ульба ибн Зәйдқа келіп: «Алла сенің садақаңды қабыл етті», – деді.

материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: