Білгін: баласынан айырылған ана үшін той жоқ. Керісінше, нағыз той нәпсісін жеңген адамда болады. Шын той нәпсімен, оның қалауларымен күрескен кісіде өтеді!
Бір топ кісі бір дінбасының жанынан өтіп бара жатып: «Ей, дінбасы, бұл елде қашан той болады?» – деп сұрады. Ол: «Алла оларды кешірген күні», – деп жауап берді.
Сен және нәпсің – әйелін шарапханадан тапқан ер адамның мысалы сияқты: ол әйеліне ең әдемі киімдерді кигізеді, ең дәмді тағамдармен асырайды. Әйелі намазды тастап кетсе де, күйеуі оны түрлі дәмді тағамдармен тамақтандыра береді (сен де нәпсің қанша қиянат қылса да, қалағанын орындайсың).
Кейбір әулиелер ғалымдардың жүрегінен шығатын жағымсыз иісті сезгендіктен қырық жыл бойы жамағат намазына бара алмай қалған (бұл – әулиелер кереметінің бірі, соларға тән жағдай). Сен мына дүниеде өзіңе пайда келтіретін нәрселерді біліп, соған сай әрекет етесің. Ендеше ақыретіңе пайдалы істерді қалайша білмей қаласың?!
Сенің дүниеңнің мысалы – егін алқабына шығып, пайдаға кенелген шаруаның мысалы: ол ұзақ уақыт тер төгеді, соңында азығын жинап алады. Сен өзіңе пайда келтіретін нәрсені өз уақытында жасауың тиіс. Егер «шаһуат» деген жыландарды, «күнә» деген шаяндарды жинап жүрсең – сол арқылы өзіңді құрдымға итермелеп жатырсың.
Адамдар ізгі амалдарды өзіне қажет уақытта жинаған уақытта сен өзіңе зиян келтіретін күнәларды жиып жүрсең, бұл сенің надан екеніңді білдіреді!
Сен жыландарды жинап, үйіңде асырайтын кісіні көрдің бе?! Сен дәл солай істеп жүрсің...
материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,
ummet.kz