«Үш жерде ешкім ешкімді еске алмайды...»

Ғибратнама
Жарнама

Хазірет Айша (р.а.) өте тақуа еді. Бірде жалғыз өзі оңашада жылап намаз оқып жатқанда, пайғамбарымыз (с.а.с.) келіп не үшін жылағанын сұрады.

Ол:

– Уа, Аллаһтың елшісі! Тозақтың азабын еске алып жыладым, – деді, сөйтті де: – Қиямет күні сіз отбасы мүшелеріңізді еске ала аласыз ба? – деп сұрады.

Сонда Аллаһ елшісі оған: – Уа, Айша, үш жерде ешкім ешкімді еске алатын жағдай болмайды, – деп жауап берді, – Таразыға амалдар тартылып ауыр-жеңіл екені белгілі болғанға дейін, амал дәптерлері оңнан яки солдан берілгенге дейін, жаһаннамның үстіне Сырат көпірі құрылып, өтіп-өте алмауың белгілі болғанға дейін.

 

Құдайберді БАҒАШАР

Бөлісу: