Ақыретте қайтем?!

Ғибратнама
Жарнама

Ислам мемлекетінің қуатты кезі. Елдің қарны тоқ, көйлегі көк, бұл бір қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман еді. Бірақ байлығы мол, салтанаты шексіз елді, кең аумақты басқарғанмен хазірет Омар (р.а.) баяғы қарапайым қалпынан өзгермеді.

Бір күні көрші мемлекеттен елшілер келді. Омар (р.а.) оларды баяғы ескі киімімен, жұпыны ғана шаңырағында қарсы алды. Әкесінің тозығы жеткен шапанмен жүргенін көрген қызы Хафса шыдай алмай:

– Әке, сіз қазір бір елдің бетке ұстар басшысысыз. Мұнша жүдеу жүргеніңіз сырт көзге қораш көрінеді. Жаңа киім кисеңіз болмай ма? – деп сұрады.

Сонда Омар (р.а.) қызына:

– Олай деме, қызым, күні кеше ғана ардақты пайғамбарымыз (с.а.с.) бен  Әбу Бәкірдің қандай тұрмыс тауқыметін тартқанын ұмыттың ба? Мен олардың үлде мен бүлдеге оранғанын көрген емеспін. Ақыретте достарымның бетіне қалай қарамақпын?! – деп сабырмен жауап берді.

"Тағылым тамшылары"

Бөлісу: