Менің ақыретте қиналғым келмейді

Ғибратнама
Жарнама

Бір күні хазіреті Әбу Бәкір таң намазына дәрет алып, мешітке келе жатып, мешіттің алдында бір жас баланың жүргенін көзі шалып қалады. Әлгі бала мешіттің ауласында біресе ары шауып, біресе бері шауып әбігерге түсіп жүрген болады. Оны көрген хазіреті Әбу Бәкір бұған не болды деп таңырқап, мән-жайды сұрамақ болып, баланың қасына барады. Қасына барып, «неге бұлай қара терге түсіп, әбіржіп жүрсің?» - деп сұрайды.

 

         Сонда бала: «мен дәрет алатын су іздеп жүрмін», - деп жауап береді.

         Хазіреті Әбу Бәкір кішкентай баланың намаз оқимын деген ықылас-ниетіне таң қалып: «Сен әлі жас емессің бе?» - деп сұрайды.

 

         Әлгі бала: «Жоқ, қайдағы жастық. Кеше ғана ауылда менен де жас бала қайтыс болды. Ол менен әлдеқайда жас болатын. Өлім жас талғамайды екен. Менің ақыретте отқа жанып, азаптанғым келмейді», - дегенде, хазіреті Әбу Бәкір баладан үлкендердің де бере алмайтын жауабын алғанына таңырқап, сілейіп тұрып қалды. Ал бала болса тұрақтамай су іздеп жүгіріп кетті. 

Бөлісу: