Өміріміздегі 1 мен 0-дер

Ғибратнама
Жарнама

Физмат факультетінің бір профессоры бір күні студенттеріне өмірлік бір сабақ үйрету ниетімен тақтаға үлкен 1 санын сызады да, студентеріне қарап бұл адамгершілігіңіз. Өмірлеріңізде болуы керек ең маңызды қасиет деп түсіндіреді. Сосын 1-дің қасына 0 санын жазады да: “Ал бұл болса жетістіктеріңіз.

Бойыңыздағы адамгершілікке табыс қосылса адам 1-ден 10 бола қалады. Тағы бір 0 – тәжірибеңіз. Тәжірибесі болса адам 10 емес, енді 100 болады” деп кезек-кезек 0-дерді қоса береді: зеректік.. тәртіптілік.. сүйіспеншілік.. Қосылап тұрған әрбір 0 саны адамды 10 есе байтатынын түсіндіреді ұстаз. Бір кезде профессор сандар тізбегінің ең басында тұрған 1 санын өшіреді. Сонда тақтада тек 0 сандары қалады. Профессор былай дейді студенттеріне: “Адамгершілігіңіз жоқ болса, қалған қасиеттеріңіздің бәрі түкке де тұрмайды”.

 

«ummet.kz» рухани - ағарту порталы

Бөлісу: