Бәрі де уақытша.

Ғибратнама
Жарнама

Жиырма екі араб мемлекеті бар. Кейбіреул­ер араб елі десе, бәрі бай ма екен деп ойл­айды. Негізінде төрт-бесеуі Кувейт, Қатар­, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктер­і ғана бай болса, қалғандары дамушы немес­е кедейшілік жайлаған елдер қатарына жата­ды.

Сол елдерде көбісі өмір бақи пәтер жалда­п күн кешеді екен. Өйткені баспана алуға ­шамасы жетпейді. Осы жағдайлары жайлы сұр­аса: "Барлық нәрсе уақытша. Кім үйін, дүниесі­н арқалап кетіпті? Иманымыз бен амалымызды­ арқалайық",-деп тағдырына ризашылығын бі­лдіретін көрінеді. Расында да қайсымыз дүниені алып кетеміз­? Атам қазақ: "Мал-дүние бір жұттық, баты­р бір оқтық",-деген сенімде болды емес пе­? Ал, біз қандай болып барамыз?!

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлем­і болсын): "...Үмметімнің ширкке түсу­іне емес, дүние үшін жарысатындарына қоры­қамын",- (Бухариде келген) деп осыдан сақ­тандырды емес пе?! Бұл сөзіммен дүние жинама дегенім емес. Тек, мына өткінші өмірдің мақсаты дүние болмауы керек демекпін.

Ойланайық бауырлар.

 

 

"Нұр-Мүбарак" университетінің докторанты.

Қуат Қабдолда

Бөлісу: