Осы амалды жасаушыға Жәннаттың сегіз қақпасы да ашылады

Ғибратнама
Жарнама

Жәннат – мұсылман қауымының мәңгілік бақыт мекені.  Біз амал еткен, арман еткен Жәннатта жақсылықтар жасырылған сегіз есік бар. Ал осы амалды жасаушыға Жәннаттың сегіз қақпасы да ашылады.   

Ғұқба ибн Амирден (оған Алла разы болсын): «Бізге түйелерді бағу жүктелген еді. (Бірде) менің кезегім келді де, оларды кешке айдап әкелдім. Келсем, Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) түрегеп тұрған қалпында адамдарға сөйлеп тұр екен. Мен оның сөзінен: «Қайсыбір мұсылман жақсылап дәрет алса, сосын тұрып жүрегімен және жүзімен бұрыла (яғни, жан-тәнімен беріле) екі ракағат намаз оқыса, оған міндетті түрде Жәннат тиісті болады», – дегенін (естіп) үлгердім. Мен (мұны естіп): «Бұл қандай ғажап!» – дедім. Сонда алдымда тұрған біреу: «Мұның алдындағы (айтқаны) тіпті ғажап!» – деді. Қарасам, Омар екен. Ол: «Мен сенің жаңа ғана келгеніңді көрдім. (Осының алдында Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)): «Қайсыбірің кемеліне жеткізе (не толық) дәрет алып, сосын «Әшһәду әллә иләһә илләллаһ(у), уә әннә Мухаммадән абдуллаһи уә расулуһ(у) (Алладан басқа ешбір құдай жоқтығына және Мұхаммед Алланың құлы әрі елшісі екеніне куәлік беремін)» деп айтса, оған міндетті түрде Жәннаттың сегіз қақпасы ашылып, ол бұлардың өзі қалағанынан кіреді», – деп айтты», – деді», деген (Муслим). Бұл хадистің Тирмизи келтірген нұсқасында Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деп айтқаны келтіріледі: «Я, Алла мені тәубеге келушілердің бірі және тазарушылардың бірі қыл. /Аллаһумма джаъальни мин ат-тауабина уә джаъальни мин аль-мутаттаһһарина/.

Алла Тағала баршамыздың дұғаларымыздың Өз құзырында қабыл болуын және Өзі уәде еткеніндей, әрбір амалымызға сай – Жәннатты нәсіп етсін деп тілейміз.

ummet.kz

Бөлісу: