Бір амалдың жеті түрлі пайдасы

Бір амалдың жеті түрлі пайдасы

Ғибратнама
Жарнама

Әбу Лейс ас-Самарқанди (р.а) деген фақиһ ғалым былай деп өсиет етеді:

"Кімде - кім бір ғалымның жанында отырып, бірақ ешнәрсе жаттауға шамасы келмесе, сонда да оған мынадай жеті түрлі пайдасы болады:

1) тәлімгерлер қатарынан деп жазылады;

2) ұстазының жанында қанша уақыт отырса, соншалықты уақыт күнә жасаудан сақталады;

3) ілім аламын деп үйінен шыққанда, Алланың раxметі оған жауып тұрады;

4) ілім алып отырған кезде, кімде-кімге сол жерде Алланың раxметі түссе, оған да үлесі болады;

5) тыңдап отырғаны үшін дінде бойұсынған деген сауап жазылады;

6) ілім алуға қатысып, ешнәрсе түсінбей, жаттай алмай жүрегі қысылатын болса, ол Алламен бірге болған болды. Өйткені xадис - құддыста Алла Тағала:
‎"أنا عند المكسرة قلوبهم من أجلي"
"Мен үшін жүрегі қысылғандармен біргемін",-деп бұйырған;

7) ілімге қатысумен ешнәрсе түсінбесе де, сол адам ғалымға деген, ұстазға деген құрметті көреді.

Осы себепті Пайғамбарымыз (с.а.с) бізге ғалымдармен бірге отыруды бұйырды емес пе?",-деп айтқан екен.

Алла баршамызға пайдалы ілім мен амал нәсіп етсін!

Қуат Қабдолда

Бөлісу: