Тараз қиссасы

Тараз қиссасы

Ғибратнама
Жарнама

Жағдайы жоқ бір жарлының әйелі күнде қолдан май жасаса, оның күйеуі дайын болған майын жергілікті дүкеннің біріне жеткізіп саудалайды екен.

Әйелі майды дөңгелек пішінді етіп, әрбірін бір келіден жасайды. Осылайша кедей отбасы бір күннен екінші күнге әсте-әсте жетіп, үйге қажетті заттарын алады екен.

       Күндердің бір күнінде сатушы кедейден күдіктеніп, дөңгелек пішінді майды өлшеп, оның салмағы 1 келі емес 900 грамм екенін біледі. Содан келесі күні әлгі кісі тауарын арқалап дүкеншіге келген кезде ол ашуға булығып: “Мен енді сенен ештеңе алмаймын. Сен маған 900 грамм майды  1 келі деп сатып жүрсің”, − дейді. Мұны естіген жарлының көңілі босап, дүкеншіге жалбарына бастайды: “Құдай үшін кешіре көріңіз. Олай істей көрмеңіз. Біз үйде таразы болмағандықтан, сізден алып жүрген 1 келі қанттың салмағымен өлшеп жүрміз”, − дейді.

Бөлісу: