20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Шынайы мұсылман адам Жаратушысын, әрі Оның Елшісін (с.ғ.с) жақсы көрері сөзсіз.  Ал жақсы көруші жақсы көргенінің ұнатқанын да ұнатады. Алла Тағала жерді кемел түрде жаратқан. Ендеше кемел жаратылысты таза күйінше сақтау Алланы сүйген құлдардың сипаты.

Адам үнемі кемелдікті қалайды, кемелдікке талпынады, кемел білім, кемел иман, кемел жар, кемел қоғам, кемел ұрпақ, т.б. Кемелдік ұлы мақсат. Алайда кемелдікке жету үшін қоғам болып, көпшілік болып, ұлт болып, ел болып, үммет болып жұмыла әрекет жасау керек. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Ал кері жағдайда ыдыраушылық, бөлінушілік болады. Қай қоғамда бөлінушілік көп болса ол әлсірейді. Әлсіреген қоғам құрдымға қарай бет алады.

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَطِيعُوا اللَّهَ وَأَطِيعُوا الرَّسُولَ وَأُولِي الْأَمْرِ مِنكُمْ ۖ فَإِن تَنَازَعْتُمْ فِي شَيْءٍ فَرُدُّوهُ إِلَى اللَّهِ وَالرَّسُولِ إِن كُنتُمْ تُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ ۚ ذَٰلِكَ خَيْرٌ وَأَحْسَنُ تَأْوِيلًا

«Уа иман келтіргендер! Аллаға қалтқысыз бағыныңдар, Елшіге бағыныңдар, сондай-ақ, өз араларыңнан (өздерің сияқты мүмін) болған басшыларыңа бағыныңдар. Егер Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болсаңдар, қандай да бір мәселе төңірегінде өзара келісе алмай таласып қалғандарыңда, Аллаға және Оның елшісіне жүгініңдер. Солай істегендерің (өздерің үшін) әлдеқайда қайырлы һәм ақыры да анағұрлым жақсы болады». (Ниса-59)

Жақында ғана жалпы мұсылмандарға ортақ болған Құрбан айт мерекесі баршамызды қуанышқа бөлеп кетті. Жастар асық ойнап көңіл көтерсе, үлкендер арқан тартысу мен зіл көтеру сынды жарыстырда бақ сынасты. Ал қыз-келіншектер жағы болса қонақтарды ұлттық тағамдармен қарсы алып, мерекенің дәстүрлі тұсын алдымызға әкелді.

وَبَشِّرِ الصَّابِرِينَ

«Сабыр етушілерді сүйіншіле!» (Бақара 155)

Ибн Жузай «ат-Тасхил ли ъулум ат-танзил» атты кітабында аятты тәпсірлеп былай деді:

26

إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَعِبْرَةً لِّمَن يَخْشَىٰ

Расында мұнда қорыққан кісі үшін әлбетте бір ғибрат бар.

Шын мәнінде перғауынның жазалануында Алла Тағаладан қорқатын жан үшін ғибрат болмақ.

21

فَكَذَّبَ وَعَصَىٰ

Алайда, ол өтірікке балап, қарсылық танытты.

Перғауын Мұса пайғамбарға (а.с) өтірікші деп жала жауып, өз көзімен ұлық мұғжизаны көрсе де Алла Тағала әміріне қарсы шықты.

16

إِذْ نَادَاهُ رَبُّهُ بِالْوَادِ الْمُقَدَّسِ طُوًى

Сол уақытта, Раббысы оған қасиетті Тұуа ойпатында үн қатты.

Мұсаның (а.с) Раббысы оған пәк те құтты Тұуа ойпатында үн қатты. Тұуа – Тур Сина тауының етегінде орналасқан.

11

أَإِذَا كُنَّاعِظَامًا نَّخِرَةً

«Тіпті, қоқымға айналған сүйек болсақ та ма?»

Және же: «Біз қураған сүйекке айналған соң қайта жанданамыз ба?»–дейді.