Назиғат сүресі [21 – 25 аяттар]

Бір аят тәпсірі
Жарнама

21

فَكَذَّبَ وَعَصَىٰ

Алайда, ол өтірікке балап, қарсылық танытты.

Перғауын Мұса пайғамбарға (а.с) өтірікші деп жала жауып, өз көзімен ұлық мұғжизаны көрсе де Алла Тағала әміріне қарсы шықты.

22

ثُمَّ أَدْبَرَ يَسْعَىٰ

Кейін ол теріс айналып, шара қолдануға бел буды.

Жаратушыға иман етпей және Мүсадан (а.с) да теріс айналып, жер бетінде бұзақылық жасаудан тиылмады. Мұсаның (а.с) пайғамбарлығын жоққа шығарумен болды.

23

فَحَشَرَ فَنَادَىٰ

Адамдарды жинап жар салып:

24

فَقَالَ أَنَا رَبُّكُمُ الْأَعْلَىٰ

«Мен сендердің ең ұлы иелеріңмін,»–деді.

Перғауын сиқыршыларды, әскерін, нөкерлерін және ел-жұртты жинап: «Сендердің жағдайларыңды жасап отырған құдай менмін, менен жоғары құдай жоқ,»–деді.

25

فَأَخَذَهُ اللَّهُ نَكَالَ الْآخِرَةِ وَالْأُولَىٰ

Сондықтан Алла оны ақырет және дүние азабымен жазалады.

Сол үшін Алла Тағала оны қорлыққа кіріптар етті. Дүниеде суға батырып, ақыретте отқа жағып азапқа салды. Міне, бұл басқаларға ғибрат болуы тиіс.

 

 

«Тәпсір тұнығы» кітабынан алынған

Бөлісу: