Дүние – ақырет егістігі

Бір аят тәпсірі
Жарнама

Әрбір мұсылман адам дүние тіршілігін жасап жүріп ақыретін ұмытпасы анық. Дүние өз алдына ақыретке бағытталған бір аяқ жол тәрізді.

Екі әлем сардары (с.ғ.с) үмметіне насихат айтып, мұсылман адамның дүниеде қандай болуы керегін баяндап:

الدنيا مزرعة الآخرة

Яғни «Дүние – ақыреттің егістігі» деген.

Хадисті жеткізген Мулла Али Қари (р.а) Имам Сахауидің (р.а) бұл хадисті әлсіз хадистердің қатарына қосқанын жеткізгеннен кейін хадистің мағынасының тура екенін, әрі оның Құрандағы «Шура» сүресінің 20-шы аятына сүйенетінін айтқан. Ендеше Құранның осы аятының тәпсіріне бір қарап көрелік.

Алла Тағала Шура сүресінің 20-ші аятында:

مَن كَانَ يُرِيدُ حَرْثَ الْآخِرَةِ نَزِدْ لَهُ فِي حَرْثِهِ ۖ وَمَن كَانَ يُرِيدُ حَرْثَ الدُّنْيَا نُؤْتِهِ مِنْهَا وَمَا لَهُ فِي الْآخِرَةِ مِن نَّصِيبٍ

«Кімде-кім ақырет жемісін мақсат тұтса, біз оның ақыретте көрер жемісін арттыра түсеміз. Ал кімде-кім қу дүниенің жемісін мақсат тұтса, оның жемісінен оған да береміз. Алайда оған ақыретте ешқандай нәсібе бұйырмайды» дейді. Ибн Касир (р.а) тәпсірінде быдай деді:

Сосын Алла Тағала: «Кімде-кім ақырет жемісін мақсат тұтса» деді, яғни, ақырет амалын қаласа «оның ақыретте көрер жемісін арттыра түсеміз», яғни мақсат еткеніне қарай қуаттаймыз, әрі жәрдемшісі боламыз, ісіне берекет беріп, сауабын оннан жеті жүз есеге шейін, әрі қарай Алланың қалағанынша арттырамыз.

«Ал кімде-кім қу дүниенің жемісін мақсат тұтса, оның жемісінен оған да береміз. Алайда оған ақыретте ешқандай нәсібе бұйырмайды», яғни кімде-кім қу дүниені ғана мақсат етіп, ақыретті түбегейлі шетке ысырса Алла оны ақыреттен мақұрым етеді. Ал дүниеге келсе, Алла қаласа береді, қаламаса одан да мақұрым етеді.

Бұл сөзіміздің дәлелі бұл аят «Субхан» сөзімен басталатын сүремен байланысты келуі. Ол:

مَّن كَانَ يُرِيدُ الْعَاجِلَةَ عَجَّلْنَا لَهُ فِيهَا مَا نَشَاءُ لِمَن نُّرِيدُ ثُمَّ جَعَلْنَا لَهُ جَهَنَّمَ يَصْلَاهَا مَذْمُومًا مَّدْحُورًا وَمَنْ أَرَادَ الْآخِرَةَ وَسَعَىٰ لَهَا سَعْيَهَا وَهُوَ مُؤْمِنٌ فَأُولَٰئِكَ كَانَ سَعْيُهُم مَّشْكُورًا كُلًّا نُّمِدُّ هَٰؤُلَاءِ وَهَٰؤُلَاءِ مِنْ عَطَاءِ رَبِّكَ ۚ وَمَا كَانَ عَطَاءُ رَبِّكَ مَحْظُورًا انظُرْ كَيْفَ فَضَّلْنَا بَعْضَهُمْ عَلَىٰ بَعْضٍ ۚ وَلَلْآخِرَةُ أَكْبَرُ دَرَجَاتٍ وَأَكْبَرُ تَفْضِيلًا

«Кім дүниені қаласа, Біз де қалаған кісімізге дүниеде қалағанымызды береміз Сонсоң оны жаһаннамға саламыз. Ол, оған қорланып, мәрхаметке зақ болған түрде кіреді. Ал кім мүмін болған түрде, ақыретті қалап, сол үшін тырысса, міне солардың тырысулары шүкірге (қабылдануға) лайық. (Мұхаммед Ғ.С.) дүние тілеген бұларға да ақырет тілеген оларға да Раббыңның мәрхаметінен береміз. Негізінен Раббыңның берері тыйылмайды. Олардың кейбіреулерін, кейбіреулерінен қалайша үстем қылғанымызға қара! Әрине ақырет, дәрежелер тұрғысынан тағы ірі, артықшылық жағынан да тағы зор» (Исра 18-21) деген аят.

Сәури Муғирадан, ол Абу Алиядан, Ол Убай ибн Кағбтан (р.а) Алла елшісінің (с.ғ.с)

بشر هذه الأمة بالسناء والرفعة ، والنصر والتمكين في الأرض ، فمن عمل منهم عمل الآخرة للدنيا ، لم يكن له في الآخرة من نصيب

«Бұл үмметті ұлылық және үстемдікпен, жер бетіндегі жеңіс және беріктікпен сүйіншіле! Алайда олардың қайсы бірі ақырет ісін дүние үшін жасайтын болса, ақыреттен еш үлесі болмайды» дегенін жеткізген.

Ummet.kz

Бөлісу: