19
Жұма,
Сәуір

һижри

Исламмен үндескен дәстүр: Көңіл айту

Ет жақын туысы қайтыс болған жандарға қайғыларына ортақтасуды білдіретін  көңіл айту дәстүрі барлық халықтарда бар. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде  де бұл салтқа ерекше мән беріледі.

Қазақтың ұлы дәстүрлері: Қолға су құю

Еліміз егемендігін алып, етек-жеңімізді жинағалы бері қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін, қоғамдық қатынастың құқықтық заңдарын іздестіру, жинау, жүйелеу және зерттеу ісіне көп көңіл бөлінуде. Қазіргі атақты ғалым-заңгерлеріміз С.З.Зиманов,Ғ.С.Сапарғалиев, Н.Өсерұлы, М.С. Нәрікбаев, З.Ж.Кенжалиев т.б. көптегенғалымдар қазақтың ата заңының бастаулары мен қайнар көздерін тереңнен зерттеумен айналысты.

Кейбір есімдерді кейіннен өзгертуге бола ма?

Пайғамбарымыз  (оған  Алланың  салауаты  мен сәлемі болсын) жаман (тұрпайы) мағынаны білдіретін есімдерді ұнатпаған, ондай есімдерді жақсы есіммен ауыстырып отырған. Жақсы есімді жақсылыққа жоритын болған.

Күйеу баланың бірінші міндеті қандай?

Күйеу келтіріп қыз ұзатқан қазақтың күйеу баласына қоятын сұрағы да, беретін сынағы да міндеті де, құрметі де болған. Атам қазақта "Күйеу бала - қайын жұртына сүйеу бала" деген тәмсіл сөз бар.

Дін мен дәстүр: Келіннің сәлем салуы

Қазіргі таңда кейбір «діндарлар» арасында «келіннің иіліп сәлем салуы ширк  немесе ол харам» деген секілді пікірлер тарап, көптеген дау-дамайдың туындауына себеп болуда. Осының салдарынан дінді сырттан оқып келген, кейбірінің ұлты да бөлек білгіш сымақтардан үйреніп жүрген жастарымыз қазақтың салт-дәстүрлеріне үрке қарап «Дәстүрді діннен жоғары қоймайық, шынында да ертең ақыретте сәлем салу серік қосу болып қалса не істейсіңдер?» деген секілді білімсіз, ешбір дәлелге сүйенбеген пікірлерді алға тартып, діннің қамын жеп жүргендей алаңдаушылық білдіруде.

Дін мен дәстүр: Әруақтарға Құран бағыштау

Бақилық болған адамның артынан Құран – бағыштау көптеген мұсылман елдерінде кең тараған үрдіс. Оның ішінде өзіміздің қазақ жұртшылығы да бар. Қазақ – Құранды өмірінің темірқазығы етіп, ерекше қастерлей білген халық. Мұны кешегі бабаларымыздың айтып өткен аталы сөздерінен аңғаруға болады.

Дін мен дәстүр: «Дәуір айналдыру» салты

Бұл салт-рәсім еліміздің аймақтарында «дәуір айналдыру», «дәуір жүргізу», «дәуір көтеру», «ысқат шығару», «підия», «садақасын беру» т.б. әртүрлі атаулармен аталады.

Тахник жасау және баланың аузына түкіру мәселесі

Халқымыздың дәстүрінде кең тараған ырым – нәрестенің, сәбидің аузына түкіру. Халқымыз ел ара-сында аты шыққан би-шешендер мен ақындарға, батырларға, аузы дуалы ақсақалдарға балаларын әкеліп, аузына түкіртетін болған.

Дастарханға бата беру кімнен қалған?

«Бата» деген сөзінің түп-төркіні «Фатиха» сөзінен шыққан. Хз. Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадистерінде «Фатиха» сүресі - ең күшті дұға-тілек (бата)  екендігі айтылған. Себебі «Фатиха»  Құранның барлық мазмұнын бойына қамтып, «ашушы, беташар» деген қасиетті атқа ие болған.

Дәстүрді теріске шығару – адасушылық

Мұсылман шариғатында адамдардың еркіне қалдырған мубах яки ерікті істер бар. Мысалы, тойларды, мейрамдарды өткізу жолдары, салт-жоралғылары әрбір халықта әркелкі. Олардың бәрін шариғатқа сай келмейді деп айтуға болмайды. Керісінше, олар әрбір мұсылман халқының ғұламаларының көз алдында әрі олардың құптауымен сан ғасырлардан бері атқарылып келе жатқан ғұрыптар.