Құдайы ас берудің діндегі орны

Құдайы ас берудің діндегі орны

Дәстүр даналығы
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан әзірленіп, жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабында: «Қайтыс болған кісінің атынан ас беру – ислам шариғатында міндетті 8 түрде атқарылуы тиіс парыз амалдарына жатпайды.

Яғни, жасалмаған жағдайда ешбір адам күнәһар болмайды. Бірақ жалпы алғанда жұртқа тамақ таратудың сауапты іс екенін Құран аяттарынан және хадистерден байқаймыз. Дінімізде «міндетті түрде қарызданып немесе өзіңе қажетті қаржыңды жұмсап, қайтыс болған кісі атынан ірі қара мал сойып, садақа бер» деген үкім жоқ. Садақалар, құдайы астар берілген жағдайда ысырапқа жол берілместен атқарылуы тиіс», – делінген [«Жаназа және жерлеу рәсімдері» – Астана, 2017. – 148 бет]. Ел ішіндегі әдет-ғұрыптар, дәстүрлер біртебірте адамдар арасындағы қарым-қатынастан түзіліп шығады. Қоғамда қалыптастқан дәстүрлер мен әдеттер шариғатқа келмесе, орындаудың еш оғаштығы жоқ. Алайда, діннің негізгі ережелерін бұрмалауға болмайды. Сол себепті, мұсылмандардың қоғамдық істері туралы ақылдасу, ой елегінен өткізу шарасы жүргізілгенде, осы қағида естен шықпауы тиіс. Құдайы астарды беру кезінде ислам дінінің осындай өзгермейтін мәңгілік құндылықтарына нұқсан келтіріп алмау жағын назарда ұстау қажет. Бұл құжатта шариғатта көрсетілген «парыз, уәжіп, халал-харам» сынды діннің басқа да қатаң талапқағидалары ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ.

материал «Қазақ салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарының

ислам шариғатымен үйлесімі» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: