Адамның жасына байланысты берілген атаулар

Адамның жасына байланысты берілген атаулар

Дәстүр даналығы
Жарнама

Халқымыз көнеден бері адам жасына байланысты түрлі атаулар берген. Отбасы тәрбиесінде және қоғам өмірінде сол жас ерекшеліктері бойынша аталып, ақыл-кеңес беріліп отырған.

Қала берсе, өлең-жырларға да қосқан. Әрине, мұндай жас ерекшеліктердің атауы әр ұлтта бар дәстүр. Бірақ қазақ халқының бұл атаудағы дәстүрі ерекше екені анық. Халқымызда әрбір шаққа қатысты төмендегідей атаулар берілгенін атап өтейік:

1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте:

1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе/ұл бала-бөбек

2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін

3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған

6 жастан 7 жасқа дейін – сәби

8 жастан 12 жасқа дейін – ойын баласы

13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала

16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала

20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт

30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт

40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі

50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы

60 пен 70 жас аралығы – ел ағасы

70 пен 80 жас аралығы – ақсақал

80 жастан жоғары – қарт, қария

Мүшел жас:

мүшел – 13 жас (ер жете бастау)

2 – мүшел – 25 жас (жігіттік жас)

3 – мүшел – 37 жас (ақыл тоқтату)

4 – мүшел – 49 жас (орта жас)

5 – мүшел – 61 жас (орта жас)

6 – мүшел – 73 жас (қарттық)7 – мүшел – 85 жас (кәрілік)

8 – мүшел – 97 жас (қалжырау)

9 – мүшел – 109 жас (шөпшек сүю)

10 – мүшел – 121 жас (немене сүю)

Кейбір жас ерекшеліктері:

10 жасқа дейін – «қозы жасы» деп қозы-лақ бақтырған

10 мен 20 жас аралығын – «қой жасы» деп қой, ешкі бақтырған

20 мен 30 жас аралығын – «жылқы жасы» деп жылқы бақтырған

30 жас – орда бұзар

40 жас – қылыш жас, қырықта қамал алар

50 жас – ел ағасы, ердің жасы

60 жас – пайғамбар жасы, алпыстың асқары,

алпыстың асуы, асқаралы алпыс

70 жас – жетпістің белесі

80 жас – сексеннің сеңгірі.

Шариғат бойынша жергілікті қолданыстағы дәстүр Ислам дініне қайшы болмаса, ондай дәстүрді жалғастыруға, ұстануға рұқсат етеді. Жоғарыда аталған жас ерекшеліктеріне байланысты қолданылған атаулар діни сенім мен қағидаларға қайшы болмағандықтан, бабаларымыз өз тұрмыс-тіршіліктерінде дәстүр ретінде сақтады.

материал «Дін мен дәстүр кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: