20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Ағылшындар арасында бірінші болып шариғат шәлісін жамылған әйел

Ислам дінін мұсылман болуға ниетті екенін дауыстап айту арқылы оп-оңай қабылдауға болғанымен, мұсылмандыққа лайықты өмір сүру әлдеқайда қиын. Бүкіл адамзат баласына жіберілген ең соңғы Алланың хақ дінін қабылдап, Жаратушының жалғыз екеніне сенім білдірген танымал тұлғалар әлемде аз емес. Солардың ең алғашқыларының бірі, ағылшындар арасында асыл дініміздің қадір-қасиетін алғаш ұғынып, Исламға бет бұрған ағылшын ақсүйегі – (Зайнаб) Эвелин Кобболд.

Ақжан Машани әл-Фарабиді қазаққа қалай қайтарды?

Ақжан Машанидың тарихта қалған ең үлкен еңбектерінің бірі – Әл-Фарабидің қазақ топырағында дүниеге келгенін, оның қазаққа тиесілі екенін әлем халқы алдында дәлелдеуі болар. Өйткені әл-Фарабиға таласқандар өте көп еді.

Әмір Темірден қалған соңғы өсиет

Әмір Темір – астанасы Самарқан қаласы болған ірі мемлекеттің билеушісі, Орта Азияда 1370-1507 жылдары билік құрған тимуридтер династиясының негізін қалаушы болды. Жарты әлемге билік жүргізді, қиян-кескі соғыстар жасады, жер бетін қызыл қанға бояды.

Намазына берік, дініне бекем болған қазақ батыры

ХХ ғасырдың алғашқы жартысында Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Алтайды аяғынан тік тұрғызған Оспан батыр туралы талай мақалалар жазылды, көптеген кітаптар жарияланды. Батырдың үш алып мемлекет – Қытай, Кеңес Одағы, Моңғолияның ортасында ешбіріне бағынбай 10 жылға жуық жүргізген соғысы Америка, Англия секілді алпауыт империялардың да назарын аударған еді. Сөйткен Оспан батырдың азаттық күресі туралы әңгіме бола қалғанда оның дінді берік ұстанғаны, коммунистік жүйеге дінге қысым жасалатыны үшін түбегейлі қарсы болғаны аракідік айтылып қалады.

Мұхаммед Әли: “Терракт менің дініме жат нәрсе”

АҚШ-тың кәсіпқой боксшысы, әуесқой бокстан 1960 жылғы Рим Олимпиадасының чемпионы, кәсіпқой бокстан Әлемнің жеті дүркін абсолютті чемпионы Мұхаммед Әлиді білмейтін, танымайтын адам кемде-кем шығар. Оның спорттағы жетістігі бір төбе де, «Ислам әлемінің мерейін өсірген» мұсылмандығы өз алдына бөлек әңгіме.

Құраннан қуат алатын Месут Өзіл

Месут Өзіл 1988 жылдың 15 қазанында Германияның батысындағы Гельзенкирхен қаласында дүниеге келген. Ата-анасы Түркиядан ауып келген эмигранттар болатын. Футболды өміріне балаған Өзіл ала доппен 7 жасынан бастап дос еді. Баласының футболға деген ерекше ықыласын байқаған әкесі оны түрлі спорт мектептеріне тасып, Месуттың талантының жастайынан дамуына себепші болады.

Төле би неліктен Ташкентте жатыр?

Қазақтың үш айтулы биінің екеуінің сүйегі өзбек жерінде жатыр. Әйтеке би Өзбекстанның Науаи облысында жерленген болса, Төле биге топырақ дәл осы Ташкенттен бұйырыпты.

Шариғат ережелерін жетік білген ақын

Ақыт қажы Үлімжіұлы туралы Қытай, Моңғол қазақтарындай емес, атажұрттағы ел аса көп дерек біле бермейді.  Немесе атын естігенімен, еткен еңбегінен хабарсыз. Дәл Ақыт қажыдай қажылық сапарын суреттеген адам кемде-кем.  Ақыт қажыдай Абайды түсінуге, оның өлеңдерін ақыл таразысынан өткізіп, халыққа жаюға ұмтылған адам кемде-кем.

Дін бостандығы үшін күрескен батыр