19
Жұма,
Сәуір

һижри

Исламның қайнар көзі – Құран және сүннет

Құран – Ислам мәдениетінің және құрылымдарының ең маңызды және басты қайнар бұлағы. Әлеуметтік топтардың мойынсұнуын қажет ететін заң. Әрбір кісінің мемлекет пен халық алдындағы міндеттерін көрсетіп тура жолды меңзейтін қасиетті кітап. Бұл кітап мұсылман жамағатының діни, саяси, әлеуметтік, ахлақи және әскери құрылымдарының құрылып, ары қарай өркендеуіне себепші болды. Өйткені мұсылмандар білгісі келген нәрселердің барлығын Құраннан алатын еді. Құранда артық, керексіз болған ешбір нәрсе жоқ.

Исламдағы оқу-ағарту: Осман мемлекетіне дейінгі медреселер

Оқу-ағарту үшін мешіттен тыс өз алдына салынған алғашқы құрылыс Аббаси халифасы Мәмун (813-833) кезінде Бағдатта салынған Бәйтул-Хикма.(Ислам тарихы. (Умаялықтар және Аббасттықтар кезеңі), Сейтбеков С. Нысанбаев С. Шымкент 2002, 154б.)

Дін мен ғылымның арақатынасы

Негізгі көпшілік, оның ішінде өзіміздің мұсылман қауымының кейбірі де, ғылым мен дінді, дәлірек айтсақ, Ислам діні мен ғылымды бөле қарайды. Ал Ислам діні мен ғылым ешуақытта да әсте бөлінбек емес.

Білім ізденушінің әдептері

Әрбір мұслыман білімді адал ниетпен үйренуі керек. Мақсаты тек қана байлық жинап, мәртебеге ие болып, рахат өмір сүру болса, бұл дүниеде өз еңбегінің жемісін көргенімен, ақыретте оның еш пайдасы болмайды.

Ислам және ғылым: Медресеге дейінгі оқу орындары

Ислам әлемінде медреселерден бұрын да оқу орындары болған. Бірақ оқу-ағарту ісі белгілі бір мекемелерде емес, мешіт, кітап дүкенінде, әдеби орындарда жүргізілетін. Сондықтан медресеге дейінгі оқу орындарына тоқталғанда бұларды аттап кету мүмкін емес.

Исламдағы психология мәселесі

Діни психология дегеніміз – белгілі бір дінге байланысты адамдардың сезімдерінің, көңілкүйлерінің, мінез-құлықтарының жиынтығы. Гегель философиясында діннің де мақсаты біреу, ол абсалютты тану болып табылады.

Исламдағы педагогика мәселесі

Қай уақытта болмасын қоғамда әрдайым педагогиканың орны ерекше. Әр елдің, халықтың қанына сінген тәрбие беру ерекшеліктері бар. Ал Ислам дініндегі тәрбие жүйесі өте сапалы дәрежеде құрылған. Еуропалық үлгідегі педагогика жүйесінде тәрбие беруден гөрі білім беру бағыты басым.

Хазірет Пайғамбар (с.а.с.) дәуіріндегі оқу-ағарту орындары

Пайғамбарлықтың үшінші жылында түскен «Әй, бүркеніп жатқан, тұр да, адамдарға ескерт!» («Мүдәссір» сүресі, 1-2) әмірінен соң Аллаһ елшісі (с.а.с.) адамдарды Ислам дініне шақыра бастады.

Дінді білмеген дымды білмейді

Діни сауаттылық дала халқы үшін киелі міндеттердің бірі саналды. Қандай жағдайда да діннен дәріс тыңдап, балаларын шынайы иманға баулуға айрықша көңіл бөлді. Төл сенімінде берік тұрғандықтан сырттан келетін рухани басқыншылыққа тегеурінді түрде төтеп бере алды.