Ислам және ғылым: Исламдағы қоғамтану

Ислам және ғылым: Исламдағы қоғамтану

Дін және ғылым
Жарнама

Діннің идеялогиялық маңызын тереңірек түсіндіру үшін алдымен адам өміріне қажеттілігін айқындау қажет. Біріншіден, дін қоғам өмірінде адам арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыру үшін қажет. Діндердің бірі Исламды зерттеп көрсек: Ислам адамзат өміріндегі ең жаңа және өмірге өскелең көзқараспен қарайтын дін. Ол тек тұрмыстық өмірді ғана өзгертіп қойған жоқ. Сонымен қатар адамның сана-сезімін, қоғам идеялогиясын өзгертуге ықпал жасады.

Ислам – шынайы еңбек жолы, адам өмірін жарқын болашаққа бағыттайтын бірден-бір жол ашушы дін. Яғни, діни сезімге бет бұрғызу заңдылық. Ислам адам жаралғаннан бастап оның санасымен, сезімімен, жанымен, биологиялық тұрғысымен беріледі. Биологиялық дене жан арқылы өмір сүреді. Сол денеде жан болса ғана адам өмірде тіршілік жасайды. Ал сол жан денені тастап шықса, онда дене барлық қасиетінен айрылған түрде қажетсіз затқа айналады. Ал адамға Алла тағала жан бергенде өз рухынан үрлеген. Ол байланыс мәңгілік. Бұл пәни өмірден мәңгілік өмірге өткенде

Алла тағаланың алдында өз ісіне есеп береді. Байланыс әрі қарай жалғасады. Адам келесі өміріндегі жағдайда да Алла тағаламен байланысты болады. Міне, осы байланыс есеп беру заңдылығы пендеге тежеу салады. Сондықтан өз өміріне сын көзбен қарап келешек өміріне қызмет жасайды. Шынайы идеялогияның өзі Исламның заманауи ғылым түрлерін қамтуы осы. Адамның жан сезіміне әсер етуден басқа әлемде ешқандай құбылыс адамның жан-дүниесін өзгерте алмайды.

Идеялогия арқылы жалпы адамгершілік нормалары, рухани құндылық, рухани сезім, Алланың құдыретіне сену деген Дюркгеймнің тұжырымдамаларында жиі талқыланды. Оның еңбегінде дінді жалпы қоғам мен сананы салыстырып теңестіруде. Ол дін кез келген қоғамға қажет. Ол адамдардың мәңгілік серігі деген тұжырымға келді. Егер де біз тарихқа терең үңіліп қарайтын болсақ адам баласының ешқашан да дінсіз өмір сүрмегендігін көреміз. ХІХ ғасыр діни социологиясы тақырыбын таңдауымыздың себебі қалың бұқараға діннің ақиқат мағынасын, оның, адамзаттың бүкіл өмірін қамтитынын және де қоғамдағы алатын орны мен қоғамға деген пайдасын түсіндіре білу.

Дін – адамзатпен бірге келгендіктен, әрдайым адамзатпен бірге болмақ. Тарих сахнасына терең үңілетін болсақ, дінсіз адам кездестіруге болады, бірақ дінсіз қоғам кездестіру мүмкін емес. Қай жерде бір қоғам болса, ол жерде бір дін кездестіруге болады. Яғни адамзат діннен ешқашан ажырамаған деген сөз. Адам баласы әр уақыт өзінен үстем бір құдірет күштің бар екенін және оған жалбарыну керек екенін білген. Адамның немесе қоғамның діннен айрылуы мүмкін емес. Өйткені дін өміріміздің әрбір кезеңінде орын алады. Адамдарға сенімділік пен төзімділікті, жақсылық жасауды, сабыр қылуды, мейірімді болуды, кешірімді болуды үйретті.

Қоғамда тыныштық орнатқан, тәртіпке шақырған, бай мен кедей арасында теңдік орнатқан да Ислам діні болатын. Адам жаратылысы жағынан да дінге мұқтаж. Өйткені рух және денеден тұрады. Дененің қажеттілігін қанағаттандыру өмір сүру үшін керек болса, рухани қажеттілігін өтеуі үшін дінге мұқтаж. Дін адам рухының жаңбыры тәріздес, онсыз жердің көктемейтіні сияқты, дін болмаса рухымыз да шөлдеп, сусайтыны анық.

Сондықтан дін секілді адамдықтың басты көрсеткіші болып табылатын қасиетті ұғымды құртамын деп соғыс ашқандардың өздері құрдымға кеткен. Дін – қоғамды дамытып, ілгерілететін, жөн көрсететін бір жүйе, хақсыздықтың, әділетсіздіктің, жамандықтың дұшпаны. Қоғамды тәртіпке келтіруде діннің алатын орны ерекше. Егер қоғамда дін әлсіресе, тәртіпсіздік пен әдепсіздік кең етек алар еді.

Діннің идеологиялық маңызын тереңірек түсіндіру үшін алдымен адам өміріне қажеттілігін айқындау қажет. Біріншіден, дін қоғам өмірінде адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыру үшін керек– деп философтар түйіндейді.

Коммунизм құруға бағытталған Маркстік, Лениндік идеялогияның құрдымға кеткеніне адамзат куә. Коммунизм қоғамында өмір сүретін адамды тәрбиелеу орындалмайтын арман екенін адамзат тарихындағы тәжірибе көрсетті. Коммунизм идеялогиясына ақылмен жетсе де, ақылға сай емес материяға негізделіп құрылған. Өйткені, ол, пікірден бұрын материя болған дейді және оны барлық нәрсенің негізі етіп қояды. Сол себепті коммунизмдегі материялистік идея діндар кісілер мен ойшыл адамдардың арасында бірнеше ғасыр бойынша жалғасқан қанды таластың нәтижесінде келіп шыққан ортақ шешімге негізделіп құрылған. Ол шешім дінді мемлекеттен бөлектеу керек дегенді білдіреді. Сондықтан коммунизм сәтсіздікке ұшыраушы ретінде саналады. Ол табиғатқа қарамақайшы және ақылға негізделмеген.

Француз социологы Э.Дюркгейм Алланы әлеуметтік тұтастық көрініс ретінде қарап, діннің әлеуметттік ролін атап көрсетті. Қоғамның тұтастығын қамтамасыз ететін күш қоғамдық сана идеялогиясы деп көрсетті. Қоғам мен дiн арасындағы байланыстарды дiн социологиясы ғылымы зерттейдi. Жалпы әлеуметтанудың дiни мәселелердi зерттеуiне байланысты қалыптасып, дiндердiң сенiм жүйелерiн, құлшылық түрлерiн, құрылымдарын, қоғамдағы орнын зерттейдi. Дiн социологиясы – кез-келген бiр дiннiң қандай әлеуметтiк шарттарға байланысты өзгергенiн, ауысу түрлерiн, әлеуметтiк топтармен байланысын, әртүрлi дiни ахлақ түрлерiн қарастыратын ғылым саласы.

Бұл ілім өткен ғасырдың басында өз алдына жеке бiр ғылым саласы болып келген. Ескi дәуiрден бергi дiнді, дiни сенiмдерді, құлшылықтарын, дiни топтар және олардың қоғамға әсерiн зерттейдi. Сонымен қатар кәлам, дiн психологиясы, дiн феноменологиясы және дiндер тарихын да қарастырады. Бiр жағынан мемлекет, экономика, мәдениет пен саясат арасындағы қарымқатынастарға байланысты әлеуметтiк ғылымдармен де жақыннан таныс. Бұл тақырыпта дiн социологиясының зерттеулерi нәтижесiнде Ислам дiнiнiң қоғаммен байланысына және оның қоғамда алатын орнына тоқталып өтемiз.

ХІХ ғасырдағы діни социологияға, яғни діннің әлеуметтік тұрғыдан алатын орнына тоқталып өткенде мына мәселеге де ерекше назар аударғанымыз жөн: идеология мен дін арасы күрделі қатынаста және өзара диалектикалық тәуелсіздікте. Бұл екеуі де адам санасына әсер ететін, оның танымы мен өмірлік принциптерін қалыптастыратын субъективтік факторлар. Адам Құдайды сүйсе, барлық адамзат баласын өзіне тең көрсе, діннің гуманистік потенциалына ден қойса, оның адами сапалары шыңдала түсері ақиқат. Адамгершілік идеялогиясы да осы сапалар үшін күреседі. Қазақстан идеялогиясы діннің өзіне емес, дінді құрал етіп бөлінуді, адамды азғындатуды, елдің әлеуметтік және саяси бірлігін әлсіретуді мақсат еткен діни ағымдар мен секталарға қарсы. Сол себепті, Исламның гуманистік потенциалы Қазақстан идеялогиясының құрамдас бөлігіне айналуы тиіс. Діннің қоғамдағы орны мен мәнін, қызметін толық ұғыну үшін ең алдымен оның табиғатын танып білу қажет. Қарапайым өмірде болып жататын өзгелердің өлімі мен өз басына келетін өлімді толық елестету, қайғы шегіп, тұрмысқа қанағаттанбау, тағы басқалары адамның қалыпты күйінен ауытқып, өкініш пен қорқынышқа берілуіне алып келеді. Әлемдегі тұрақтылық өзгермелі өмірдің кездейсоқ көріністеріне негізделе алмайды. Өмірдегі діннің орны мен рөлін айқындаудағы академиялық пікірлер бірізділікпен өзара тоқайласып жатады. Осылардың нәтижесінде дүниеге көзқарас, таным мен сенім, салт-дәстүр арқылы қалыптасып, құдіретті бір Құдайдың барлығына, адам түсінігіне сыя бермейтін Жаратушының бар екендігіне негізделеді. Тек адамгершілікпен ғана шектелмейтін діннің шегі түптеп келгенде оның тікелей қоғамдағы ықпалына байланысты болып келеді.

материал «Ислам және ғылым» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: