Медреселердің басқа қоғамдық мекемелермен байланысы

Медреселердің басқа қоғамдық мекемелермен байланысы

Дін және ғылым
Жарнама

Мешіттер: Бұдан бұрында айтылғанындай ежелден мешіт және жамилерде дәріс оқытылатын. Бұл медреселер көбейгеннен кейін де жалғаса берді. Тіпті қазіргі уақытта да жамилер оқу орны міндетін атқаруда. Кейбір мешіттерде арнайы сыныптар салынып, медресе деп аталады. Негізінде Ислам әлемінде медресе мен жамиді бір-бірінен айыру мүмкін емес. Өйткені кейбір мешіттен бөлек, дербес медреселерде уағыз айтылатын. Тіпті осы себептен кейбір медреселер мешіт деп аталған. Сонымен бірге Ұлы Хасан мешіті Каирдегі ең атақты медреселердің бірі еді.

Текке және завиялар: Теккелер мешіт пен медреселермен қатар жүргізілген оқу орны. Теккелердің өз алдына әдебиеті, терминдері бар. Алғашқы текке хижри жыл санауымен ІV ғасырда Ремледе ашылған. Ислам оқу-ағарту тарихында теккелер мен медреселердің тығыз байланысы бар. Исламда ғылым мен ғибадат бір-бірінен ажыратылмағандықтан, қандай да бір текке немесе завиядағы шейх, діни сабақтарды да беретін.

Олардан тек қана муридтері емес, қарапайым халық та сабақ алатын. Теккелер негізінде сопылардың отырып, зікір салулары үшін салынған еді. Бұл теккелер де сабақ оқылуына кедергі болған жоқ. Айта кететін болсақ, хижри 756-жылы салынған Шейху теккесінде төрт мәзһабтың фиқһ, хадис және қырағат ғылымы кең көлемде оқытылатын. Аббасилер заманында теккеге ұқсас рибаттар ашылып, шекаралық елдімекендерде қызмет көрсеткен. Рибаттағылар шекаралық қызмет атқаратын және жолаушыларды қондырып, жол көрсететін. Ислам тарихында маңызды орны бар теккелер халыққа суфистік пікір таратып, осы түсінікте тәрбие берген жер. Тіпті ІХ, ХІІІ ғасырларда текке мен медреселердің біріктірілгендігі айтылады. Қазіргі таңда бейресми оқу-тәрбие орны деуге болатын теккелер дін, педагогика, психология, тіпті медицина саласында да қызмет көрсеткен. Яғни, ол заманының мектебі, ауруханасы, спорт комплексі, демалыс орны, сол өлкенің өнер академиясы қызметін атқарған деп айта аламыз.

Ауруханалар: Медреселермен тығыз байланыста болған мекемелердің бірі – ауруханалар. Медреселердің жанында медициналық оқу орындарының негізінде салынса керек. Олар Дарул-марда, Маристан, Дарус-сыхха, Тыб медресесі деп аталған. Медицина оқыту үшін арнайы ашылған медреселер Даруш-Шифа деп аталған. Бұл жерде медицина оқытылып, аурулар емделетін, дәрілер жасалатын. Сонымен бірге Құран, хадис, фиқһ дәрістері оқытылатын.

Кітапханалар: Ислам әлемінде кітапханаларға да үлкен мән берілетін. Медреселердің бай кітапханалары бар еді. Андалусия-Умауия мемлекетінің халифасы әл-Хакам қызметшілерін Дамаск, Бағдат, Искандария сияқты қалаларға жіберіп, кітап алдыратын. Осылайша мемлекет астанасы Куртубадағы кітапханада 400 000 кітап жиналған еді55. Әл-Мустансирия медресесінде де бай кітапхана бар еді. Қысқаша айтсақ, Исламда оқуағарту ісі тек медреселермен ғана шектеліп қалмаған, ғалымдар мүмкіндігінше кез-келген уақытта, барлық жерде ғылым-білім үйретуге тырысқан. Бұл Исламның ерекшелігі болып табылады.

Мамандандырылған медреселер: Діни және басқа ғылымдарда мамандар дайындайтын медреселер. Қазіргі кездегі магистратура, аспирантураны, докторантураны бұған мысалға келтіре аламыз. Дарул-хадистер: Негізінен мешіттерде оқытылатын хадис пәні Умаяттар дәуірінде патша ұрпақтарына арналған арнайы дәрісханаларда, Аббаситтер заманында медреселерде оқытылды. Бұл оқу орындарының барлығында негізгі пән Құран мен хадис еді. Тіпті жоғары білім беретін оқу орындарында хадис ғылымын бір жүйеге келтіру үшін арнайы хадис университеттері ашылды. Бұл медреселердің алғашқысы Халеб Атабектерінің бірі Нуриддин Махмуд ибн Зенги (541- 569/1146/1174) ашқан Нурия медресесі. Оның алғашқы бас мударрисі, яғни ректоры белгілі мухаддис (хадис ғылымын терең меңгерген хадисші ғалым) әрі тарихшы Ибн Асакир. Бұдан бұрынғы «Дарул-хадистер» «Хадис мәжілістері» деп аталатын. Әрбір жамиде бір Дарул-хадис және Дарул-қурра болатын. 622/1225-жылы Каирде Әюби билеушісі әл-Мәликул-Камил кезінде әл-Камилия, 626/1229-жылы Дамаскіде Әшрафия Дарул-Хадистері ашылды.

Исламдық оқу-ағартудың және білім ордаларының тарихы Мухиддин ән-Нәуәуи (өл. 676/1277) мударрис болған. Ибнус-Салах атақты «Улумул-Хадисін» осы медреседе оқытқан. Дарул-хадистерде бұдан басқа Сахихул-Бухари, Сахихул-Муслим, Машариқул-Әнуар және де т.б. хадис кітаптары оқытылған. Османлылар да ең жоғары ғылыми атақ Дарул-хадис мударристігі еді. Даруш-Шифа: Исламнан бұрын араб медицинасы тәжірибеге сүйенетін. Олар дәрі ретінде көбіне-көп өсімдіктерді, әсіресе, шөлдегі шөптерді қолданатын. Исламның келуімен медицинада жаңа көкжиектер ашылды. Пайғамбарымыз дәрігерлермен кеңесіп, олардың білімін пайдалануды өсиет етті. Ол дәрігерлердің мұсылман болып-болмағанына да қарамайтын. Қоштасу қажылығында ауырып қалған Сағд ибн Әби Уаққасты емдеуді әлі мұсылмандықты қабылдамаған Хари ибн Калда әс-Сақафиге тапсырған. Ислам тарихында алғашқы жүйелі түрде жұмыс істейтін аурухана Умаят халифасы І Уәлид кезінде 706 жылы Дамаскіде ашылған. Бұдан кейін Ислам әлемінің барлық тұсында аурханалар ашыла бастады. Бұл ауруханалар өте жүйелі еді. Ешқандай дініне, ұлтына қарамастан барлық науқастарға қызмет көрсетілетін. Хирургия, көз, тері аурулары және басқалары үшін аранайы бөлімдерге бөлінген еді. Қорлар ашқан ауруханаларда барлық аурулар тегін емделетін, ем жақсы әсер ету үшін ауруларға жоғары калориялы тамақтар берілетін.

Ауруханаларда көбісі медициналық кітаптардан құралған үлкен кітапхана болатын. Дәрігерлер дайындау мен бірге ауруларды емдейтін мекемелер Дәрушшифа, Дәрут-тыб, Тымархана, Дәрул-афия деп аталған. Бұл мекемелерде дәрі жасалатын, шәкірттер теориялық білімдерін ауруларды емдеу арқылы іс жүзінде қолданатын. Дәру-шифа шәкірті, Құран кәрімді жақсы оқи алатын, хадис білетін.

Дәрул-қурра: Құран ілімдері оқытылатын оқу орындары. Құран дәрісі Исламда алғаш Меккеде, Әркамның үйінде басталған. Мәдинада Махрама ибн Нәуфалдың үйі алғаш Дәрул-қурра атында ашылған. Дәрул-қуран, Дәрул-хуффаз деп те аталған. Құранның жеті қаріпте түсуі оның жеті диалектіде оқылуына және осыған байланысты қырағат ілімінің шығуына себеп болды.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзі Құранды жеті қырағатта оқып, асхабына үйреткен. Хижри екінші ғасырдың басында бұл жеті қырағатты үйреткен Қурралар ашылды. Меккеде Абдуллаһ ибн Касир (өл. 120/737), Мәдинада Нәфи ибн Абдуррахман (өл. 169/785), Шамда Ибн Амир (өл. 118/736), Басрада Әбу Амр (өл. 154/770) мен Яғқуб (өл. 205/820), Куфада Асм (өл. 127/744) және Хамза (өл. 188/803) сияқты ғалымдардың жанында алғашқы қырағат халқалары құрылды. Бұлар кейін қырағаттардың шығуына және соған байланысты шығармалардың жазылуына себеп болды. Дәрулқурраларда махарижул-хуруф (фонетика), қырағат ғылымдары оқытылатын.

материал «Ислам және ғылым» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: