Адам клеткаларына мәліметтердің жүктелуі

Дін және ғылым
Жарнама

Әйелде ұрықтанған жұмыртқа клеткасы 46 хромо-сомадан тұратын, еркек пен әйелге қатысты генетикалық ерекшеліктерге ие толық клетка болып саналады. Адамның толық жоспары осы 46 хромосоманың 15-ін ғана құрайтын «ДНК» малекулаларында жазылған. Карл Саган, микроскоппен де көрінбейтіндей кішкентай түйіндерге жазылған осы мәліметтер жайлы былай дейді: «Бір «ДНК» молекуласында бес миллиард «бит» мәлімет бар. Осы мәліметтер мың томдық кітап болатындай ауқымда»1.

Бұл адамның мақсатсыз, басы бос, кездейсоқтықтарға тәуелді өмір сүрудің орнына, жоспарлы және тұрақты жаратылысқа ие болғандығын көрсетеді. Адамның тырнағының ұшынан бастап шашының ұшына дейін шамамен жүз триллионнан артық клеткаларына жазылған осы мәліметтер оқылған жағдайда, адамның қандай да бір клеткасында өткеніне және бұрынғысына, бәлкім шексіз келешекке байланысты өмір кезеңін білу мүмкін болар еді. Жапонияның бастамасымен басталған кейбір өлкелерде, клеткадағы осы «ДНК» молекуласының сырын ашуға талпыныс жасалуда. Париж Клаудиа-Бернард қарт-тық зерттеу орталығының ди-ректоры Жакк Третон, адамның әрбір клеткасында жазылған бұл жоспарды былай баяндайды: «Зерттеулер, біздің өмір сүру уақытымыздың генетикалық бір жоспарға тәуелді екендігін көрсетеді. Барлық нәрсе, әрбір клетканың ішінде бір сағат бар екендігін көрсетеді. Клеткалар неше есе көбейгендіктерін және қай жерде тұрақтайтынын біледі. Мысалы, отыз жастағы адамнан алынған клеткалар сыртта 60 рет бөлініп көбейе алса, жетпіс жастағы адамнан алынған клеткалар, тек 20 рет қана бөлініп көбейе алады2. Құран кәрімде, адам физио-логиясындағы осы құлдырауға былай ишарат етіледі: «Біз кімге ұзақ өмір берсек, жаратылысын керісіне бұ-рамыз, күштен кейін әл-сіздікке түсіреміз. Еш ойлан-бай ма?» («Ясин» сүресі, 68). Осыншалық оригинал және жоғары жаратылысқа ие болған адамның, түрлердің дамуының нәтижесінде, маймылдан адамға айналғандығы туралы көзқарас-тар айтылып, дүниеден кейінгі өмірді мойындағысы келмеген кейбір атеистер осы көзқарасты қолдаған. Сол себепті төменде, «Дарвинизмде» айтылған осы теорияға біраз тоқталамыз.

Дарвинизм

Чарлз Дарвин (1809-1882), Бейжл кемесімен жер шарының айналасында жасаған саяхаты кезінде жолықтырған жер бетінен жойылып кеткен тіссіз жануар түрлерін зерттегеннен кейін, түрлердің тұрақтылығынан кү-мәнданып, атақты «эволюция» теориясын алға тартқан. Бұл теория бойынша, шығу тегі бірдей түрлер қоршаған орта, өсіп-өну т.с.с. әсерлер арқылы өзгеріп, тұрпаты мен өсу клеткалары өзгеріске ұшырайды. Екінші жағынан барлық жәндіктер өмір сүру үшін күреседі де қорша-ған ортаға бейімделгендер өмір сүреді. Осылайша табиғи орта, жаңа түрлердің қалыптасуы және қоршаған ортаға бейімделу жолымен үнемі өзгеріп отыруды қажет етеді.

Дарвиннің идеялары нақты-лықты білдірмейді, бұл тек бір теория және өзінің көзқарасы ғана. Бұл идея көп тартысқа түсіп, көптеген идеалары негізсіз болып шыққан. Сондықтан, жанды түрлердің, мәселен адамның маймылдан ұзақ эво-люцияның нәтижесінде пайда болғандығы туралы идея қазір ғылыми ортада сөз болмайды. Қазіргі кезде биология ғылымы, түрлер арасында өзгеру болмайтындығын дәлелдеген. Бұл жоғарыда айтылды.
Ислам діні мен басқа да Құдайдан келген діндер, адамның өмірге адам болып бастағандығын, басқа түрден өзгермегендігін ортаға қояды («Араф» сүресі, 11; «Бақара» сүресі, 30; «Сад» сүресі, 71; «Хижр» сүресі, 28).

Адамның шығу тегін бір жа-нуарға телу, оның сезімдері мен жаратылыс құндылығын негізгі түрден ажырату болып табы-лады. Адам баласы жаратылған-дардың ең абыройлысы ретінде, ең жоғарғы дәрежеде жаратыл-ған. «Біз адамды ең тамаша түрде жараттық», – делінеді «Тин» сүресінің төртінші аятында.

Кейбір жануарлардың қаң-қасын зерттегендер, бұлардың адамның атасы болуы мүмкін екендігін алға тартқан. Енді осыларға қысқаша тоқталайық. Адам мен құйрықсыз май-мылдың ортақ атасы: Мұндай ортақ атаны көрсететін бір жануар өмір сүрмеген, мұндай қаңқа табылмаған. Алайда эволюциялық теорияны қолдаушылар мұндай ортақ ата-ның 30-70 миллион жыл бұрын өмір сүргендігін алға тартқан. Құйрықсыз маймылдарға (арес) қатысты әр түрлі қаңқалар, адамның атасының осы жануар болуы мүмкін деген теориясын жарыққа шығарады. 1932 жылы Үндістанда табылған қаңқа (рамапитек) осылардың ішіндегі ең маңыздысы. Ол, бар болғаны бірнеше тіс және жақ сүйегінің жартысы ғана. Осы топтың барлық қаңқаларын зерттеген Пенсильвания университетінен доктор Роберт Екхард былай дейді: «Бұл қаңқалар тек өз түрі болып саналатын құйрықсыз маймылдардың ғана атасы болуы мүмкін. Бұлар, морфологиялық, экологиялық дене қимыл тұрғысынан да құйрықсыз маймылдарға ұқсайды»3.

Шығыс Африкада Лоус Леки және басқалар тарапынан табылған қаңқалар «шығыс маймылдары» деп аталады. Эволюциялық пікірді ұстанушы-лардың пікірі бойынша, бұлар 2-3 миллион жыл бұрын өмір сүрген, тік жүретін және кейбір құралдарды пайдаланған бір жаратылыс. Миының көлемі, кейбір дамыған маймылдардікі сияқты, шамамен 500 ж.ж. тістері де құйрықсыз маймылдың тістеріне ұқсайды. Бірақ Лоус Лекидің ұлы Ричард Леки сол түрден табылған қаңқалардың қолы ұзын және аяқтары қысқа болғандығын ортаға қойды. Екінші жағынан көптеген эволюционерлердің сенгені сияқты, бұл жануар тік емес, еңкейіп жүрген. Қысқасы бұл жануар тек ми тұрғысынан ғана құйрықсыз маймылдарға ұқсайтын. Сондықтан оның құрып кеткен маймыл түрі екендігіне күмән жоқ. Ява адамы, Пекин адамы, Гейдельберг адамы деп аталған кейбір қаңқалардың шамамен 500 000 жыл бұрын өмір сүргендігі алға тартылған.

Бұлардың тік жүргендігі, ми көлемі шамамен 1000 ж. ж. болғандығы және қарапайым құралдар мен қару-жарақтарды қолданғандығы эволюционерлердің ұстанған көзқарастары. Бірақ Ява адамы кейіннен осыны тапқан адам тарапынан жоққа шығарылады. Пекин адамына қатысты сүйек-тер болса екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жоғалып кеткен. Сондықтан зерттеу мүмкіндігі жоқ. Гейдельберг адамы болса тек қана үлкен жақ сүйегі ғана. Бұл қаңқалардың (Хомо ерктус) кішкене ми көлеміне (900-1100 ж.ж.) ие болуы, олардың адамның атасы ретінде қабылдануына мүмкіндік бермейді.
Адам баласының алғашқы атасы хазірет Адам мен Хауа. Бұған кереғар көзқарастар қазірге дейін дәлелденбеген. Адам тарих бойы, өзінің қоршаған ортасының шарттары ішінде дамып, тың ғылым мен мәде-ниет жетістіктері, оның рухын жаңартып, миына қуат берген. Бірақ бұл, адамның жүздеген жыл бойы қарапайым жануардан дамығандығын білдірмейді. Жоғарыдағы аяттар мен хадистерге қарағанда, балаға ана құрсағында даму кезінде өмір жобасы жүктеліп, оның биологиялық жаратылысында тағдыры жазылатындығы аңға-рылады. Тіпті Хз. Пайғамбар (с.ғ.с.) өмір бойы жәннатқа кіретін амалдарды жасап сосын жәннатқа арқан бойы қалған кезде жәһаннамға апаратын амалдың, нәтижені өзгертетіндігін; өмір бойы жәһаннамға апаратын амалдарды жасап, соңында жәннатқа апаратын амал жасағаны үшін жәннатқа кіре алатындығын және бұл, ана құрсағында жазылған жоспар бойынша осылай болатындығын айтқан кезде бір сахабалар «Тағдырымыз жазылып қойса амал етуге не қажет бар?» – деп сұрайды. Сонда Алла Елшісі былай дейді:

«Амал етіңдер! Барлық адамға мүмкіндік берілген. Бақытты болатын-дарға бақыттылардың амалы ыңғайластырылған. Бақытсыз болатындарға бақытсыздардың амалы жеңілдетілген», сосын мына аятты оқиды: «Кімде-кім Алла жолында жұмсап, Одан қорқып, ең тамаша «Ислам» сенімін қолдайтын болса, біз оның қолын ең жеңіліне жеткіземіз. Бірақ, кімде-кім сараңдық жасап, Аллаға мұқтаж еместігін айтып, ең тамаша «Ислам» сенімін жоққа шығаратын болса, біз оны ең қиынына итермелейміз».

Барлық нәрсе Алланың құдірет қолында және оның қалауына байланысты болғандықтан, кейбір кезде өмір бойы үлкен жамандықтар мен былықтың ішінде жүрген адам, өмірінің соңына қарай Алланың ризашылығына жеткізетін бір амал жасап, дүниеден ізгі нәти-жемен кетуі мүмкін. Бірақ көбі-несе адамдардың ақыреттегі жағдайын дүниедегі амалдары айқындайды.

Бақытжан Өткелбаев,
«Әзірет Сұлтан» мешітінің 
наиб имамы,
Астана қаласы

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­_____________________________________________________________________________

1 Карл Саган, Космос, Стамбул 1982.
2 Билим ве текник дергиси, Нешр: ТҮБИТАК, 24 том, 282 сайысы, Майс 1991, 12-13 б.
3 Хенри М. Моррис, Тержуме. Хейет, Яратылыш модели, Нешр, М. Е. Г. С. Б. Анкара 1985, 157-158 б.

Бөлісу: