Құранның муғжизасы шексіз.

Дін және ғылым
Жарнама

Алла сөзінің қасиеті әр ғасырда, әруақытта ашыла берері ақиқат. Таяуда ғалымдар Құранды ғылыми жағынан зерттей келе мына бір таңғажайып нәрсеге жолығады.

Құранның дәл ортасында " Қаһф" сүресі келіп, онда зұлым патшадан қашып, бір Аллаға деген сенімдерін қорғап, үңгірде Алланың әмірімен үш жүз жыл және тоғыз ай ұйқыға кетіп, пана тапқан Алланың ақиқи құлдары жөнінде баяндалады. 

Сол сүренің 12 аятында "лабису" (қалу) сөзінен бастап әр сөзді санаса, 25 аятта "сәләсә миә" (үш жүз) деген сөзге келгенде, тура 300 сөз болады. Ал, 26 аятта "лабису"(қалу) сөзіне келгенде үңгір оқиғасы аяқталып, тура 309 сөз болады. Яғни,олар ұйқыға кеткен 300 жыл және тоғыз айдың есебі шығады. Сонымен бірге бұдан бұрын ғалымдар математикалық есеппен тура 300 жыл шығу үшін 9 айдың да қажет екенін анықтаған. Аяттардағы осыншама математикалық дәлділік Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тек Алланың әмірімен түскен Құранда ғана болуы мүмкін екендігін одан әрі дәлелдей түсетіні шындық.

Осындайда, Алла сөзінің күн сайын ашылып жатқан муғжизалығына қайран қалып, Жаратқанға шүкір еткеннен басқа шарамыз жоқ.

 

 

"Нұр-Мүбарак" университетінің докторанты.

Қуат Қабдолда.

Бөлісу: