Жүректің саулығы үшін алтын кеңес

Дін және ғылым
Жарнама

Ең танымал кардиологтар жүректің кенеттен сыр беруін болдырмау үшін аз-аздан тамақтануға шақырады. Олар жеміс-жидек, көкеніс, дәнді дақылдарды көптеп тұтынып, тұз бен шекерді барынша азайтуға шақырады.

Бұл көптеген аурулардың алдын алады. Осы ғасырдаң көптеген ауруларына жол бермес үшін ғалымдардың ұсынатын ең құнды насихаттары осы, яғни ішіп-жеуде шектен шықпау, ысырап жасамау. Алла Тағала болса Құранда:

وَكُلُوا وَاشْرَبُوا وَلَا تُسْرِفُوا ۚ إِنَّهُ لَا يُحِبُّ الْمُسْرِفِينَ

         «Және жеңдер, ішіңдер, алайда ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді,» (Ағраф 31)–дейді. Ал енді қараңыз, Алла нендей пәк! Аурулардың алдын алатын осынау алтын насихатты бізге Құран Кәрімде сонау он төрт ғасыр бұрын қағида етіп бекітіп берген жоқ па еді?!

 

(Материял Абдуддаим Кахилдің «Ал-Маусуъа ал-мусаууара фил-Құран ал-Карим уас-сунна Мутаххара» атты кітабынан алынды.)

(Аударған: Айбек Абдіқадір)

Бөлісу: