Теңіздердің араласпауы

Дін және ғылым
Жарнама

Құран Кәрім дүние теңіздерінің арасында өзіндік айырмашылықтардың бар екенін, олардың бірі бір-бірімен араласпайтынын түртіп түріп айтқан. Бірге қарастырып көрейік...

galoklien 450x300

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) теңізге бір рет те болсын шықпағанын барлығымыз білеміз, бұны Пайғамбарымызды (с.ғ.с) мойындамайтындардың өзі де жоққа шығармайды. Ендеше Ол (с.ғ.с) түрлі теңіздердің арасын бөліп тұратын өзіндік бөгеттің бар екенін қайдан білді екен?! Бұл – Мұхаммедтің (с.ғ.с) Алла тарапынан бір елші екеніне анық бір дәлел болмай ма?

Құран Кәрім теңіздердің бір-біріне араласпайтыны жайында:

مَرَجَ الْبَحْرَيْنِ يَلْتَقِيَانِ * بَيْنَهُمَا بَرْزَخٌ لَّا يَبْغِيَانِ

«Ағызған екі теңіз қосылады. Екі арасында бөгет бар. Бір-біріне араласпайды» (Рахман 19-20) дейді. Әрі бұл екі теңіз де ащы теңіздер екеніне де меңзеген. Себебі кейінгі аятта:

يَخْرُجُ مِنْهُمَا اللُّؤْلُؤُ وَالْمَرْجَانُ

«Екі теңізден де інжу мен маржан шығады» (Рахман 22) деп ашықтайды. Ал інжу мен маржан тек ащы суда ғана табылады.

Әлемдік теңіз суларының құрылымы жағынан бір-біріне ұқсамайтындығы ғылыми анықталған. Әр теңіздің өзімен ұштасып жатқан басқа теңізге қарағанда жылу мөлшері, тығыздығы, тұздылығы сынды физикалық қабаты жағынан айырмашылықтары бар. Бұл сынды айырмашылықтары тіпті биологиялық қабатында да байқалады.

Ғылым бұнымен ғана шектелмеді, ол жер бетінде бір-біріне дәлме-дәл ұқсайтын екі тамшы судың да болмайтынын нақтылап айтты. Себебі ондағы өзерістер үнемі жалғасын тауып отырады.  Ал бұл сипатты суға Алла Тағала берген. Су қанша көп болса да бір-біріне ұқсамауы – жаратушысының тым шебер әрі жалғыз Жаратушы екенін көрсетеді.

Жасанды жер серіктері жердің теңіздерін суретке түсірген. Олар теңіздердің араларын бөліп тұратын бөгеттерді анықтаған. Ол бөгеттер теңіздердің арасын бейнебір дуал сынды механикалық күшпен бөліп тұрғанға ұқсайды.

4572454524524

Жер серігі түсірген бұл суретте жердегі теңіздердің арасындағы ерекшеліктері анық көрсетілген. Әрбір теңіздің бойында өзге теңіздерге ұқсамайтын нәрселері мен ерекшеліктері бар. Мысалға, Жерорта теңізінің суы Атлант мухитының суына ұқсамайды. Ондағы балықтар да, жылу мөлшері, тұздылығы, тығыздығы, толқындары т.б. әр түрлі. Арада қанша миллиондаған жылдар өтсе де, көптеген айырмашылықтарға ие болса да, бір теңіздің суы екіншісімен еш араласпайды екен... Алла нендей ұлы! Алла бүкіл кемшілік атаулыдан пәк!

Бәлкім, теңіздер арасында осындай бөгеттердің барын кім білген дерсіз... Бұл Алла Тағаланың ойлансын, зерттесін, ізденсін, сөйтіп имандары артсын деп бізге көрсеткен бір мұғжизасы.

Қолданылған әдебиеттер:

1- Taylor, Barbara. Rivers and Oceans (Kingfisher, 1993).

 2- Oldershaw, Callie. Oceans (Troll Associates, 1993).

(Материал Абдуддаим Кахилидің мақаласынан алынды)

www.kaheel7.com/ar

Бөлісу: