Құранда Жер туралы не айтылған?

Құранда Жер туралы не айтылған?

Дін және ғылым
Жарнама

Құранда ғылыми жаңалықтардың көп екені туралы жиі айтамыз. Ал, енді мына бір аятқа көңіл бөлейік.

 

وَتَرَى الْجِبَالَ تَحْسَبُهَا جَامِدَةً وَهِيَ تَمُرُّ مَرَّ السَّحَابِ

«Тауларды көріп, оларды тапжылмай тұр деп ойлап қаласың. Ал олар болса, бұлттардың көшуі тәріздес жылжуда» («Нәміл» сүресі/88).

Адамдардың ақиқат аясында өмір сүрулері үшін шырақ қылып түсірген қасиетті Құранның бұл аятында Жердің тек айналуы ғана емес, сонымен қатар, оның айналу  бағыты  да  таңғаларлық  білгірлікпен  айтылып кеткен. Қазіргі заман ғылымының қол жеткізген жаңалықтарының бірі – 3500-4000 м биіктіктегі негізгі бұлт түйдектерінің қозғалыс бағыты әрқашан батыстан шығысқа қарай болатыны. Ауа райын болжау үшін көбінесе батыстағы жағдайға назар аударылуының себебі де содан. Ал, бұлт түйдектері батыстан шығысқа қарай қозғалуының негізгі себебі – Жердің айналу бағыты. Өйткені, жер батыстан шығысқа қарай айналатыны белгілі.

Кейіннен белгілі болған бұл ғылыми ақиқат бірнеше ғасыр бұрын қасиетті Құранда айтылып қойғаны керемет емей немене?!

Материал "Ислам ғылымхалы" кітабынан алынды

Бөлісу: