Мұхит ғылымындағы Құран мұғжизалары

Мұхит ғылымындағы Құран мұғжизалары:

Дін және ғылым
Жарнама

Әлемге аты әйгілі «Мұхиттар» ғылым академиясының ғалымы океанолог Жак Ив Кусто ислам дініне өтті.

Себебі ол теңіздің химиялық құрамын зерттеу барысында кездейсоқ Атланта мұхиты мен Жерорта теңізінің қосылған шекарасында көзге көрінбейтін бөгет барын, яғни олардың химиялық құрамы жеке-жеке екенін анықтады.

Бірі-бірімен қосылып тұрғанымен араласпайды. Су температурасы тығыздығы ондағы тіршілікте екі түрлі.

Парижге келгеннен кейін бұл жайында досы Доктор Морис Букайлға айтты.. Сол кезде оның есіне оған түсініксіз болып көрінген аят түсті.

 Кейін досына бұл туралы мың төрт жүз жыл бұрын Құран кәрімде әлде қашан айтылып қойылғанын айтады.

«Ол сондай Алла екі теңізді қоя берді. Мынау тәтті сүйкімді және анау тұзды ащы. Екі арасында (қосылып араласпайтын) бөгет жасайды» («Бұрқан» сүресі, 53).

Бөлісу: