Кеудеңді иман кернесін

Адамды адам ететін иман. Адам баласы үшін ең құнды дүние де қалыбындағы иманы. Иман адамды Алла құзырында мәңгілік азаптан құтқарып және мәңгі жәннатқа жетелейді. Ал, Жаратқанға сенбеу немесе оған серік қосу пендені мәңгілік азапқа кіріптар етеді.

Әулиелердің керемет көрсетуі ақиқат па?

Әулие – араб тіліндегі «уәли» сөзінің көпше түрі. Қазақ тілінде, «дос», «Аллаға жақын адам» және «иелік етуші» деген сынды мағынаны береді. Терминологияда Аллаға іс-әрекетімен жаққан, Алла жолында жүрген Алланың сүйікті құлы.

Намаз оқымайтын адам кәпір ме?

Бес уақыт намаз балиғат жасына жеткен, ақыл-есі бүтін барлық мұсылманға парыз. Оның парыздығы Құран, сүннет және ижмағ дәлелдерімен анықталған. Құранның көптеген аяттарында: «Намаз оқыңдар және зекет беріңдер» – деп намаздың өте маңызды парыз екендігі білдірілген.

«Алланы аспанда» деу дұрыс па?

Бұл мәселе төңірегінде Жаһмия* ағымы Алла барлық жерде десе, Уахабия* ағымы Алла аспанда деп түсінеді. Әһлу сунна уәл жәмәға көзқарасы бойынша, Алла Тағаланы мекенге тәуелді ету дұрыс емес.

Пайғамбар (с.ғ.с.) қабірін зиярат ету дұрыс па?

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) мешіті мен қабірін зиярат ету Ислам үмметі үшін қастерлі әрі үрдіске айналған іс болып саналы. Оған басты себеп, үмметтің Рахым Пайғамбарына (с.ғ.с.) деген шексіз сүйіспеншілігі, сағынышы.

Тарауих намазы неше рәкат?

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) тарауих намазын кей күндері мешітте жамағатпен оқыған. Бірақ ешбір сахих хадисте тарауих намазының нақты рәкат саны айтылмаған. Омардың (р.а) заманында отыз күн оразада тарауих намазын мешітте жамағатпен оқу бір жүйеге келтіріліп, жиырма рәкат қылды. Сол күннен бүгінге дейін мұсылман үмбетінің шығысы мен батысы яғни күллі ислам әлемі оны жиырма рәкат етіп оқып келеді.

Алла мекенге мұқтаж ба? (1)

Әһлу сунна уәл жәмәға ғалымдары, Аллан Тағаланың есім-сипаттарын дұрыс түсіндіру мақсатында ақидалық қағидалар түзіп, «Әл-Ұжуд» (Алланың бар болған Затын) мынандай негіздер аясында түсіндіреді.

Өліге құрмет – тіріге міндет

«Әруақ аттаған оңбайды» дейді дана халқымыз. Ондағысы – өткенін ұмытып, оларға жақсы сөз айтудың орнына, өмірдегі қателіктерін тізіп, жерге ұру. Ал, Ислам дініне қарасаңыз, «Өлгенге де, тіріге де жаман сөз айтпа» деп бұйырады. Сол себепті, өлген кісіге Құран бағыштау бар. Мұндағы мақсат – өлген марқұмдарға құрмет көрсету, оларды ұмытпау.