20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Халықаралық терроризммен күрес

Қазіргі таңда әлемде халықаралық қатынастардың көпполярлық жүйеде қалыптасуы, өзара іс-әрекеттердің ғаламдық және аймақтық деңгейде дамуы белсенді түрде жүргізілуде.

Болашағын балгерге болжатқан адамның жазасы қандай?

Бақсыға барып болашақ болжау, балгерге бал аштыру адамды бақытты етпейді, оған жақсылық әкелмейді. Ал, болашағын болжатқан, яғни балгерге барып, келешегімде не болады деп сұраған адамның жазасы қандай болмақ?

«Кəпір» деуге асықпа!

Бүгінгі таңда тек өздерін ғана «шынайы мұсылманбыз» деп, өзгелердің барлығын, «кәпір» есептейтін адасқан ағымның бұғанасы беки қоймаған жастарымыздың санасын улап жатқандығы ешкімге де жасырын емес.

Адамзатты жаратқан Мейірімді Алла әрбіріне ризығын бөліп, несібесіне қол жеткізуі үшін қарап жатпай себебін жасап, кәсіп етуді бұйырған. Кәсіп жолында нығметін жаудырып жатқан Ұлы Жаратушыны дәріптеп, жалбарына дұға жасау болса, ақылдының оң ісі болып табылады. Осы орайды дәріптеу мен ұлықтау жүректің ісі, ал дұға жасап алақан жаю дене мүшелерінің ісі.

Бидғаттың бәрі адасу ма?

«Бидғат» деген араб тілінен алынған термин сөз. Бидғат сөзінің тілдік мағынасы – бұған дейін болмаған жаңалық деген ұғымды білдіреді. Ал, шариғаттағы мағынасы діндегі Құран мен сүннетте болмаған жаңалықты айтады. Бидғатқа қатысты Алла Елшісі тарапынан ескертіліп айтылған, бірнеше риуаяттармен жеткен хадистер бар. Солардың бірі Айша (р.а.) анамыздан жеткен мына хадисте: «Кімде-кім біздің бұл ісімізге (дінімізге) қатысы болмаған жаңалық (бидғат) енгізсе, ол қабыл етілмейді», - делінеді.

Намазда тобық тигізу

Мешіт ішінде бес уақыт намаз немесе жұмы намазында сапқа тұрған кезде жамағаттың арасында талтайып аяқтарын жанында тұрған адамдардың аяқтарына жабыстырып, тіпті кейде жаншып басып алатын да жағдайлардың болып жатқанына куәміз. Бұл  біздің жерге қайдан келді? Бұл амал дұрыс па бұрыс па?

Намазда қол көтеру

Соңғы уақыттарда мешіт жамағаты арасында пікір-қайшылық тууына себепші болып жүрген мәселенің бірі – намаз арасында қайта-қайта қол көтеру.

Исламдағы діни-құқықтық жүйе – фиқһ

Мәзһаб жайлы дұрыс түсінік қалыптасуы үшін ол туралы таным болуы шарт. Себебі қазіргі таңда мәзһабтың маңыздылығын насихаттаушылармен қатар, мәзһабтың терістігін алға тартушылар да көптеп кездеседі.