25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Дұға жасағаннан кейін бетті сипау дұрыс па?

Кейбір адамдар мұның шариғатта жоқ екенін айтып, қарсы шығуда. Осының ара жігін ажыратып берсеңіздер.

Шынымен сәләфия жамағаты ғана тура жолда ма?

Сәләфтар өздерін сәләфус-салихиннің жолын жеке-дара өздері ғана ұстанушы етіп көрсетуде. Оларға ерсең ақиқатты табасың, ермесең адасқаның дейді. Енді мұның қаншалықты жөн сөз екенін қалай ажыратамыз?

Жиһад – өзіңді түзету, жүрегіңді тазарту

Жиһад – адамға Алла тағаланы тану үшін жол ашу дегенді білдіреді. Жаратушыны тануға сауатсыздық, кедейшілік, ерік-ойға, санаға жасалған шектеулер кедергі келтірсе, солармен күресу үшін атқарылатын барлық іс-шара жиһад болып есептеледі.

Өтірікті кешіруге болады, ақтауға болмайды

Алла Тағала Құран аяттарында өтірік айту туралы былай дейді: «Сондай-ақ өтірік сөзден сақтаныңдар» («Хаж» сүресі, 30-аят), «Негізінде Раббың әлбетте бақылаушы» («Фәжір» сүресі, 14-аят), «Олар өтірікке айғақ болмайды да, бос пайдасыз сөздерге кездессе маңғазданып өтеді.» («Фұрқан» сүресі, 72-аят).

«Расында, шыншылдық тақуалыққа апарады, ал тақуалық Жәннәтқа апарады. Адам тек қана шындықты сөйлеп, соңында Алла алдында шыншыл деп жазылады. Шындығында, өтірікшілік күнәһарлыққа апарады, ал күнәһарлық тозаққа апарады. Адам өтірік сөйлеген сайын, соңында Алла алдында суайт өтірікші деп жазылады». (Бұхари, Муслим).

Қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Асқар Сүлейменовтың: «Өтірікті кешіруге болады, ақтауға болмайды» деген қанатты сөзі бар. Исламда кешіруге болатын, рұқсат етілетін өтіріктер бар ма?

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): Екі адамды жарастыру үшін, яғни, игі ниетпен өтірік айту қайтарылмайды: «Игілік айтып екі адамның арасын жарастырушы өтірікші емес». (Бұхари, Муслим).

Умм Күлсім (оған Алла разы болсын) былай деді: «Оның үш түрлі жағдайдан басқа, еш уақытта өтірік айтуды рұқсат еткенін естіген емеспін – ол соғыс кезінде, адамдарды жарастыру үшін және әйелі күйеуіне сөйлеген кезде және күйеуінің әйеліне сөйлеген кезінде». (Мысалыға, ерлі-зайыптылардың бірі екіншісіне: «Сен бәрінен де әдемісің», - деп айтуы.

Өтірік айту – ең ауыр күнәлардың қатарында.  «Алла Тағала Ақыретте үшеумен сөйлеспейді, оларды тазартпайды және оларға қарамайды, олар:  зинақор қарт, суайт өтірікші басшы және көкірек кедей» (Муслим).

Осы күнге дейін ойланбай айтылған сөзден, өсек пен ғайбаттан қанша адамды ренжітіп, қанша достан айырылып қалғаныңызды санап көріңізші. Ауыздан шыққан зиян сөзден кейін ұйықтай алмай шыққан түндеріңіз көп болды ма? Немесе өзгенің әділетсіз сөзінен жүрегіңіз ауырған сәттерді еске түсіріңіз. Иә, пәле – тілден...

ummet.kz

Сиқыр немесе дуа деген не?

Әһли сүннет сенімі бойынша сиқырдың (не дуаның) бар екендігі рас. Имам Бұхари мен имам Мүсілімнің сахих хадис топтамаларында пайғамбарымыз Мұхаммедке (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) де дұшпандарының сиқыр жасамақ болғаны айтылады. Тіпті дуалаушылардың көздеген арам пиғылы бос кетпей, аздап та болса Пайғамбарымызға сиқыр әсер еткен. Бірақ Құдайдың көмегімен артынша дуаның беті қайтқан. Белгілі бір хикметке сай Алла тағаланың рұқсат етуімен орын алған бұл оқиғадан шығатын қорытынды, сиқырдың растығы.

Жындар адамға кіре ме әлде тие ме?

Жын – адам мен періштелер секілді Алла Тағаланың жаратылыстарының бірі. Жындар да адамдар секілді құлшылыққа, халалға бұйырылған, харамнан тосылған. Яғни, адамның да, жынның да шариғи мағынасы пендешілік жасау, өзінің құл екенін сезіну. Олар ақыл, кемшілік, күш сынды қасиеттерге, ақиқат пен өтірікті, жақсы мен жаманды таңдау еркіне ие болғанымен, адамдардан көп жағынан ерекшеленеді.

Тұмар, көзмоншақ тағатындар мынаны білсін!

Тұмар тағу – шариғатта үлкен ережеге жатпайды. Құран аяттары, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан дұғалар жазылған тұмарды тағуға болады.

Ішімдік қойылатын тойларға баруға бола ма?

Дастарханға арақ-шарап қойылған тойларға баруға болмайды. Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Алла Тағалаға және ақырет күніне иман келтірген адам ішімдік қойылған дастарханға әсте отырушы болмасын» деп қатаң айтқан. Қазақ халқының «топырақты өлімнен, торқалы тойдан қалма» дейтіні бар.

Интернет және оның сенімімізге ықпалы

Ғылым мен технологиядағы жылдам дамудың біздерге берген нығметтерінің бірі болып саналатын интернеттің еш шүбәсіз ең маңызды пайдаларының бірі ақпаратқа қол жеткізуде кездесетін кедергілерді жоюы.

Халықаралық терроризммен күрес

Қазіргі таңда әлемде халықаралық қатынастардың көпполярлық жүйеде қалыптасуы, өзара іс-әрекеттердің ғаламдық және аймақтық деңгейде дамуы белсенді түрде жүргізілуде.

Болашағын балгерге болжатқан адамның жазасы қандай?

Бақсыға барып болашақ болжау, балгерге бал аштыру адамды бақытты етпейді, оған жақсылық әкелмейді. Ал, болашағын болжатқан, яғни балгерге барып, келешегімде не болады деп сұраған адамның жазасы қандай болмақ?