Интернет және оның сенімімізге ықпалы

Интернет және оның сенімімізге ықпалы

Күдікпен күрес
Жарнама

Ғылым мен технологиядағы жылдам дамудың біздерге берген нығметтерінің бірі болып саналатын интернеттің еш шүбәсіз ең маңызды пайдаларының бірі ақпаратқа қол жеткізуде кездесетін кедергілерді жоюы.

Ақпаратты бөлісу мен байланыс жасаудың шектері бұзылуымен қатар оған басқалардың қол жеткізуі өте оңай әрі арзан. Тіпті қандай да бір тақырыпқа байланысты ақпар іздеу туралы шешім қабылдаған кез-келгеніміздің ойымызға ең алдымен келетіні де осы интернет болып кеткен.  Мектептеріміздегі көптеген оқушы үй тапсырмаларының өзін сенімді әдебиет көздерінен емесинтернеттен іздеп, содан көшіріп жазып әкеле салып жүргендігі белгілі.

Ақпараттың шексіз ортада бақылаусыз түрде ұсынылуы бір қарағанда дұрыс сияқты көрінсе де, сонымен қатар адам айтса сенгісіз ақпарат ластығын да өзімен ала келіп отыр. Басқаша айтқанда интернет қазіргі заман адамын ақпараттық соғыстың астына алып отырғандай. Қатеден дұрысты айыра алмаушылық, сананың тұмандануы деп атауға болатын үлкен проблеманы тудырды. Интернет әлеміндегі бұндай ақпарат ластығы діни сенімдерімізге ықпал етпей қалуы мүмкін емес.

Қазіргі заманғы сенім проблемалары арасында көптеген әлеуметтік ьопьар өкілдері тарапынан қойылатын сұрақтардың арасында дәл осы интернетке байланысты қойылатын сұрақтар өте көптеп кездеседі. Әртүрлі блогтар, әлеуметтік желілер, форумдарда атеистік көзқарастағы афоризмдердің көптеп бөлісілуі жағдайы әсіресе діннің негіздеріне қатысты адмадарда көптеген сұрақтар тудыруда.

Зуылдаған уақытпен жарыса дамыған интернет әлеміндегі діни мағлұматтар, ұйымдар, кітаптар, діни мазмұндағы фильмдер, әуендер, жеке сұхбат кабинеттеріне дейін көптеген форматтардағы сансыз сенімсіз ақпаратпен бетпе-бет келіп отырмыз. Қазір тіпті интернетте ұйымдастырылып жүрген діни шараларға да куә болып жүрміз. Пітір, зекетін беріп, құрбан да щала алады. Ақпараттың бөлісілуіне байланысты электронды почта, аудио және видеоконференциялар, мультимедиялық презентация жасау мүмкіндігі, көптеген ақпараттың электронды нұсқасының жиі қолданылуы, білім берудің дәстүрлі түрін алмастырып жаңа медиа мәдениетін қалыптастырады.

Интернеттің күнделікті өміріміздегі сияқты діни өмірімізде де зерттеу жасау үшін тіпті керек болса дінге шақыру үшін де мүмкіншілігі зор. Бірақ діни ақпараттың интернетте бөлісілуі маңызды болуымен қатар манипуляцияға сырттан басқарылуға да икемді екендігін естен шығармау керек. Көбінесе бөлісілген ақпараттар сайт редакьорының немесе бөліскен адамның сол тақырыпқа байланысты жеке пікірін ғана құрайды. Қатардағы интернет қолданушысының бұл ақпараттардың қаншалықты рас немесе жалған екендігін тексеретін мүмкіндігі жоқ. Осы орайда, дін саласының әр маманы өзіне жеке блог немесе форум ашып сол жерде көзқарастары мен пікірлерін қарапайым әрі жалпыға түсінікті тілде жариялап отыруы керек. Бұл интернетті басқа ақпарат көздерінен гөрі көбірек қолданатын жастардың алдынан күнделікті өмірде шығып отыратын сұрақтарға қанағаттанарлық жауап ала білуіне жол ашады және адасуының алдын алады.

материал «Қазіргі сенім мәселелері» ктібанынан алынды

ummet.kz

Бөлісу: