Ішімдіктің зияны туралы хадистер

Ішімдіктің зияны туралы хадистер

Күдікпен күрес
Жарнама

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Iшімдік – барлық жамандықтың көзi» – деп ескерткен. (хадистi Ибн Аббастан имам Хаким және имам Байһақи риуаят еткен).

«Барлық мас қылушы – арақ һәм барлық мас қылатын нәрсе харам» (Бұхари, Мүслім).

«Кімде-кім шарап ішіп, мас болса оның қырық күн бойы (сабахән) намазы қабыл болмайды. Одан кейін күнәсіне тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етіп кешіреді...» (Тирмизи, «Китабуль Әшриба», №1862-хадис), – дейді.

Тағы бір хадисінде: «...Кім мас қылатын ішімдік ішсе, қырық күн намазы кемиді....» (Әбу Дәуід, «Китабуль Әшриба», №3680-хадис), – деу арқылы арақ ішудің қаншалықты ауыр күнә екендігіне ишара етіп тұр.

Әби Әмама Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеткізген мына бір хадисінде 3 түрлі адам Жәннатқа кірмейтіндігін жеткізген: «Олар: Біріншісі араққа салынған адам, екіншісі туысынан безген адам, үшіншісі сиқырды – шындық деген адам. Кімде-кім арақтан өлсе, Алла тағала заният тозағындағы «ғута» деген сасық және исінің өзі тозақ еліне азап берген өзенінен ішкізеді»(Бұхари).

«Ішімдіктен қол үзбеген адамның жүзіне жан тәсілім сәтінде қайнаған су құйылады» (Имам Насаи).

«Маскүнемдікке салынған адам пұтқа табынушыға ұқсайды» ( Имам Ибн Мәжәһ).

«Алла Тағала ішкілік ішкен кісінің қырық күндік намазын қабыл етпейді. Осы қырық күн ішінде өліп кетсе, ол адам тозаққа түседі. Алла Тағала оған назар да салмайды», - деді (Тирмизи).

Ибн Омар (р.а.) риуаят еткен хадисте Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Арақ он түрлі қырынан қарғысқа ұшырады: арақтың өзі, оны ішуші мен құйып беруші, сатушы мен сатып алушы, дайындаушы мен дайындатушы, әкелуші мен әкелдіруші және арақтан түскен пайданы жеуші Алла тарапынан қарғысқа ұшырады». 

материал “Тозақтың үш жалыны” кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: