20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Жасаған Ием, Жаратушы Құдірет – Алла Тағаланың 99 аты бар. Таспих моншақтары – 99.

***

Біреулерге Құдай бәрін береді. Байлық та бар, алтын, гауһар, інжу-маржан – бәрі бар. Төрт құбыласы сай.

Бірақ Иман жоқ.

Ең сорлы адам – сол.

Бір кем дүние.

На днях в Алматы состоялся очередной отчетный съезд главных имамов регионов. Обсуждались не только достижения в информационно-разъяснительной работе с паствой, но и серьезные проблемы. В Духовном управлении мусульман Казахстана признают, что терроризм и религиозный экстремизм перестал быть для страны предполагаемой угрозой. Он вполне реален. Что делает официальное мусульманское духовенство в борьбе с приверженцами радикальных течений, рассказал заведующий отделом пропаганды — секретарь совета улемов ДУМК, теолог Ершат Онгаров.

Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің егемен еліміздің іргесінің бекіп, шаңырағының көтерілуіне сіңірген еңбегі зор. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының аяғында мемлекеттік маңызды істерге араласа бастаған ол Қазақстан тәуелсіздік алған кезеңде ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарды. Содан бері мемлекетіміздің басынан кешкен жағдайларды, халқымыздың әрбір қуанышы мен сүйінішін көз алдынан таса қылған кездері жоқ. Академик әсем Астанамыздың елорда атанған алғашқы жылдарынан бастап, осы күндерге дейінгі өмірінің, шағын шаһардан барша әлем қызығатын қалаға айналуының да куәгері. Биылғы еліміз Тәуелсіздігінің  25 жылдық мерейтойында және Астана күні тойлануына шамалы уақыт қалғанда біз Мырзатай ағамен осы тақырыптар төңірегінде сұхбаттастық. 

Халық арасында кеңінен тараған, тамыры тереңде жатқан салт-дәстүрлермен бірге шариғат құптамайтын ырымдар, қалыптасып қалған әдеттер де бар. Мысалы, болашақты болжау, балгерлікпен айналысу, құмалақ ашу  (дәстүрден гөрі кәсіп дегеніміз дұрыс болар) қазақ халқында ежелден бар. Қазақтың хан сарайында болжаушы, кеңесші ретінде балшылардың болғанын тарихтан білеміз.

«Мінезсіз адам – жеміссіз ағаш»  дейді халық даналығы. «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» дейді алаштың көсемі Әлихан Бөкейхан. Ал мінез дегеніміз не? Ол жемісті болу үшін, ұлтқа қызмет жасау үшін кісі қандай болуы керек? Бұл тақырыпқа келгенде «қанша адам болса, сонша мінез болады», «ол әр адамның жаратылысы» деп қысқа ғана қайыра салатынымыз анық.

Дінқоғам өмірінің ажырамас бөлігі. Адамгершілік пен тәрбие мәселесі туралы сөз еткенде дін жайын айналып өте алмаймыз. Имандылық пен адами қасиеттерді сөз ету де тек дін қызметшілерінің құзырындағы іс емес. Елге үлгі боларлық ісі бар, аузы дуалы азаматтың әрқайсысы дін айналасындағы өзекті мәселелелерге қатысты пікір білдіруге хақылы. Осы ретте елге танымал айтыскер ақын, Ы. Алтынсарин атындағы Мемлекеттік педагогикалық институттың педагогика және филология факультетінің деканы Айбек Қалиевтің e-islam.kz сайтына берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

Расында да қатты ойланатын кез келді. Қа­зақ болып тұтаспасақ, ұлт болып ұйыспасақ, мына аласапыран заманда көшке ілесе алмай қалуымыз мүмкін.

Береке-бірлікке, ынтымақты тірлікке, жа­ра­сымды жақсылыққа ұйытатын қасиетті Рамазан айында өзегін таза ұстауды қажет ететін дің – дініміз, алтын арқаулы сан-салалы дәстүріміз туралы белгілі қоғам қайраткері, көрнекті ғалым Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВТІ әңгімеге тартқан едік. – Мырзаға, сіз бір сөзіңізде «Қазақ қайтсе қалады қазақ болып» деген едіңіз. Осы сөздің астарында үлкен ұғым, ұлттың келешегі мен болашағы жатқан секілді.

– Серікзат аға, қажылыққа барып парызын өтеп келген мұсылманның бірісіз. Қабыл болсын! Енді сізді Серікзат қажы деп атасақ болады ма? Мәселен, Қажымұқан деген секілді.

– Қажымұқанның, Құнанбайдың заманы бөлек еді ғой. Ол заманда бірді-екілі адамдардың ғана Меккеге табандары тиетін. Қажылыққа барып келген кісілер ел арасында қасиетті қағба, қажылық жайында, Мекке туралы көрген-білгендерін айтып, халықты имандылыққа шақыратын.

Биылғы жылдың үлкен датасы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Бұл мерейтойдың еліміз үшін мәні мен маңызы ерекше. Осы орайда Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуында өзіндік үлесін қосқан көрнекті ғалым, танымал қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековпен елдегі діни ахуал және ислам дінінің бүгіні туралы әңгімелескен едік.

Жақында «Дін мен дәстүр» атты кітап қолыма түсті. Атауы назарымды аудартты. Алғашқы бетіне Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен деп жазып қойыпты. Сүйсініп қалдым.

— «Тыныштықты сақтау туралы Құранда ештеңе айтылмаған» — деген жалған сөзге алданып жүргендер бар. Бұл — бекер сөз. «Әнфал» сүресінің 46-аятында: «…өзара жанжалдаспаңдар, онда үрейленесіңдер де құттарың қашады және сабырлы болыңдар. Расында, Алла сабырлылармен бірге» — делінген.