Еліміздегі діни ахуалдың бүгінгі жай-күйі мен дәстүрлі рухани-діни құндылықтардың маңызы туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік АРЫН мырзаның «Заң газеті» берген сұхбатын жирялап отырмыз.
БАЛҒАБЕК МЫРЗАЕВ: ДІНДАРЛАР ЕСЕПКЕ АЛЫНСА ДА, КҮДІККЕ ІЛІНБЕЙДІ
Мәжіліс қарауында жатқан дін саласына қатысты заң жобасының түсініспеушілік тудырған нормалары мен актілерін талдау, сараптау, түсіндіру шаралары жалғасып келеді. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары, теология ғылымының докторы Балғабек Әбдіқайымұлы Мырзаев «Түркістан» газетіне берген сұхбатында көпшілік көкейіндегі өзекті сауалдар мен кейбір күмәнді сұрақтарды кеңінен қамтуға тырысты.
Нұрлан Рамазанов, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы: Жаназа мен жерлеу рәсімдері бірізділікке түсіп келеді
Ерте ме кеш пе, кез келген жанның дәм-тұзы таусылады. Ал, қайтқан жанды арулап жерлеп, ақтық сапарға шығарып салу – әр мұсылманның міндеті. Бұл міндет атам заманнан бері шариғат қағидаларымен атқарылған, солай жалғасып та келеді. Алайда елімізге сырттан келіп жатқан деструктивті діни идеологиялардың әсерінен шариғат талаптары, діни амал мен рәсімдерге қатысты келіспеушіліктер көбейіп кетті. Осыған байланысты байланысты ел көкейінде жүрген сауалдарды «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазановтан сұраған едік.
Кеңшілік Тышханұлы: Дінді дәстүрден бөлу – бірлікті бұзу
Жастар жат ағым жетегіне неліктен тез түседі? Дәстүрлі діни ұстаным қайтсе нығаяды? Діни білікті кадр даярлауда қандай кемшіліктер бар? Рухани жаңғыру жолында өткеннен өнеге алып, өміршең мұраларды ұрпаққа үлгі етіп, керітартпа ұғымдарды жадымыздан өшіру үшін қандай жоспар құру қажет? Бүгінгі қоғамдағы діни ахуалға, дін саласын реттеуге қатысты дінтанушы, философия ғылымының кандидаты Кеңшілік Тышханұлы өз пікір-пайымын білдірді.
БАУЫРЖАН ӘЛИҰЛЫ: «Әмин» деп бата қайыру - дұрыс, намазда дауыстап айту – бұрыс»!
Қоғамда әртүрлі ағымдар пайда болғалы, діннің төңірегінде дау көбейіп жатыр. Қазіргі сәләфилер, уахабилер, тәкпіршілер болсын, жалпы халықтың діннен бейхабарлығын өздерінің пұшайман пиғылдарына пайдаланумен келеді. Салдарынан жамағат мәзһаб пен ақидада, Құран мен хадисте, парыз бен сүннет амалдарында жаңылысып жатқан жайы бар. Оған адамның өзі де кінәлі. Мешіт тұрғанда, мешіттің ішінде имамдар отырғанда, оларға бармай, жолдағы «диуаналардың» арам айтағына сеніп, одан қалса солардың жетегіне еріп кете береді.
Құлшылық артық па әлде білім бе?
Құлшылық артық па әлде білім бе? Бізге кейбір мұғалімдеріміз: «Алла тағаланың алдында білімді адам құлшылық жасаушыдан артық»,– деп намаз оқитындарды кемсіткендей сыңай танытады. Бұған не дер едіңіз?
Ұлтты тану рухани кемелдікке сүйенеді.
Филология ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мекемтас Мырзахметұлымен өзі қалам тартқан көрнекті тұлғалар жайында пікір алмасып, әңгіме қаузаған едік. Олардың ұлт мүддесіне сіңірген еңбектері, шығармашылықтары және зерттеп-зерделеу жұмыстары туралы ғалым ойларын өз сөзімен бергенді жөн көрдік.
Жұмақ іздеп желікпе, туған жерің барында
Кез келген дiннiң жоғары мағынасы адам мен адамзатты жоғалтып алған жетiлу жолына қайтару болып табылады.
Адам о дүниеге аттанғаннан кейін жыртыс, тәбәрік беру, киім тарату сияқты үрдістер орын алып жатады. Бұл шариғатқа қайшы емес пе?
Қайтыс болған кісінің артынан жыртыс, тәбәрік, киім тарату қазақ халқының салт-дәстүріне сіңісіп кеткен үрдістер. Мұның бәрін мұсылман халқымыздың қайтқан кісінің атынан садақа беру ниетімен жасайтындығы белгілі. Ислам діні бойынша, қайтыс болған кісінің атынан садақа беруге болады және оның сауабы өліге тиеді деп есептеледі.
Намаз оқымаған адамды кәпір деу дұрыс па?
Сұраққа жауап беру үшін алдымен ислам діні бойынша «кәпір» дегеннің кім екенін анықтап алуымыз қажет. Қазақ тілінде қолданылып жүрген «кәпір» сөзі араб тілінен енген.
«Құдай жолымен жүрсең, жыламайсың…»
Жасаған Ием, Жаратушы Құдірет – Алла Тағаланың 99 аты бар. Таспих моншақтары – 99.
***
Біреулерге Құдай бәрін береді. Байлық та бар, алтын, гауһар, інжу-маржан – бәрі бар. Төрт құбыласы сай.
Бірақ Иман жоқ.
Ең сорлы адам – сол.
Бір кем дүние.