Теңі келсе тегін бер

Бойжетіп, ұзатылатын қыздың өз теңін тауып қосылуы Ислам құқығында «кәфаәт» деп аталған. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір сөзінде әйел затын өз теңіне қосуды өсиет еткен. Демек, қызды ұзатпай тұрып күйеу жігіт пен қалыңдықтың бір-біріне тең, әлде тең еместігін анықтап алудың мәні зор. Бұл дініміздің жаратылысы нәзік қыз балаға қорған болуының белгісі.

Төсектен тұрғаннан кейінгі тазалық

«...Алла да таза болғандарды жақсы көреді» (Тәубә сүресі, 108-аят) деп Құранда баяндалғандай мұсылман отбасының өмірінде тазалықтың орны ерек.

Неке жарамды болуы үшін...

Құран Кәрім некелесуді әмір етеді. Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінде: «Некелесіңдер, көбейіңдер! Қиямет күні мен сендердің көптіктеріңмен мақтанамын» және «Неке қию — менің сүннетім. Сүннетімді тәрк еткен адам менен емес» делінеді.

Олар разы болса, Алла да разы

Әлбетте «Дін-насихат” болғандықтан, хақ Құраннан бастап, аса ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.)  хадистерінде көп айтылған ата-анаға құрмет ету, оларға шын ықыласпен қызмет жасау ар-ұяты бар әрбір жұмыр басты пенденің парызы.

Махаббатыңды сақтай білесің бе?

«Әйелі мен күйеуі бір-біріне сүйіспеншілікпен қараса, Алла Тағала да оларға мейіріммен қарайды. Ал, ері жұбайының қолынан ұстаса, олардың күнәлары саусақтарының арасынан төгіледі»[1], делінеді хадисте. Ерлі-зайыптылардың арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластыққа Алланың құрметін осыдан-ақ байқауға болады.

Үйленген кісі осы 4 игілікке қол жеткізеді

Алла Тағала әлемдегі барша жан-затты жұп етіп жаратқан. Әрбір тіршілік иесі тек қана өзінің жұбымен ғана жарасымды. Жаратылыс атаулының ішінде ең асылы адамзат. «Жалғыздық тек Жаратқанға жарасқан» дегендей адам баласы да ер жеткенде өз теңін іздейді. Өз отауын тігіп, өзінің шаңырағын көтеруді көксейді.

Ер адамның қолындағы ең жақсы қазына

«Әйелі азған елдің ертеңі жоқ» дейді қалт айтпайтын халық даналығы. Олай болса, үйдің қазығы мен иманның жартысына баланған жақсы жар қандай болуы керек?  Отбасылық құндылықтарға баса назар аударатын асыл дініміз шаңырақтың ұйытқысы әйел затына қандай жауапкершіліктер жүктейді?