Әйел – жүрек болғанда, еркек – ақыл

Әйел – жүрек болғанда, еркек – ақыл

Исламдағы отбасы
Жарнама

Әйел болмысы басшылық не қаттылыққа емес, керісінше, мейірімділік пен ұяттылыққа, инабаттылық пен ізеттілікке бейім. Ал, еркектердің болмысы дөрекілік пен қатігездікке емес, жауапкершілікке, отбасына қамқоршы, қорған болуға бейім.

«Еркектер әйелдерді билеуші. Өйткені, Алла бірінен бірін артық қылды...» («Ниса» сүресі, 34-аят). Ендеше Алла тағайындаған басшының хақысы қашанда жоғары. Және ғұламалар әйел ерінің хақысын өзінің хақысынан жоғары қоймаса бақытты бола алмайды деген. Әйел бір нәрсеге мұқтаж болса, күйеуі де бір нәрсеге мұқтаж болса, әйел бірінші күйеуінің мұқтаждығын өтеуі қажет екен. Еркек отағасы екенмін деп дөрекілікке, мен айттым болдыға салынбай, бар мәселені өзара түсіністікпен, үнемі ақылдасумен шешкені жөн. Әйелдер де еріне бағынуы тиіс.

Әйел адам көп жағдайда жүрегін тыңдайды. Ал ер адам ақылына жүгінеді. Олар осылай жаралған. Отбасылық өмірде де дәл солай. Еркек маңызды шешім қабылдаған кезде тек ақылына жүгінеді. Ал әйел адам ақылды болса да, жүрек қалауын ескереді. Сондықтан үйдің басшысы әрі ақылшысы – қашан да ер адам. Алайда ақылсыз жүректің соқыр, ал жүрексіз ақылдың қатыгез болатынын ұмытпайық.

ummet.kz

Бөлісу: