Туыстарды зиярат жасау: оған пайда ма, өзімізге ме?

Туыстарды зиярат жасау: оған пайда ма, өзімізге ме?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Туыстық байланысты мықты тұту олардың хал-ахуалын сұрау арқылы, оларды жалғыз емес екенін сездіретіндей деңгейде зиярат жасау арқылы жүзеге асады.

Бұл зияраттың басында Құран тәлімі бойынша алдымен ата-ана тұрады. Олармен бірге немере айындар мен нағашылар да зиярат етуді, жиі-жиі кездесіп тұруды қажет ететін топқа жатады. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Бір кісінің немере көкесі әкесінің жартысы» (Тирмизи, Мәнақиб, 28), «Нағашы – ана орнында» (Тирмизи, Бирр, 6) - деген хадистері де мәлім. Сондай-ақ, ол (с.ғ.с) үлкен бір қателік жасап қойып, содан құтылу үшін не істеу керектігін сұрап келген бір адамға тәубе еткеннен кейін ата-анасына жақсылық жасауды кеңес етеді. Алайда, ол кісі ата-анасының қайтыс болғанын білдіргенде, «Олай болса, нағашыңа жақсылық жаса» деді (Тирмизи, Бирр 6).

Зиярат жасау бәрінен бұрын туыстар арасындағы байланысты күшейтеді, өкпе-ренішті жояды. Қуанышты немесе қайғыны бөлісіп, қиыншылықтардың азаюына себеп болады. Өзара сенімді нығайтады. Бүгінгі таңда неше алуан байланыс мүмкіндіктері болса да, ағайын-туыстарын, нағашыларын және олардың бала-шағасын танымайтындар бар. Өздері танығанымен, балаларын да таныстырып қоюды қажет етпейтіндер де аз емес. Соның нәтижесінде той-томалақтарда, жаназа намаздарында, қуанышты, қайғылы жағдайларда жанымыз,а медеу болатын адамдарды іздеумен болатын жағдайға да жеттік. Туыстарымызға арадағы жол алшақтығына қарай аптасына, айына, тым болмаса жылына бір рет барып, зиярат жасайық. Бетпе-бет, жүзбе-жүз жолығудың сәті түспегеннің өзінде бүгінгі мың сан байланыс мүмкіндіктердің бірі арқылы олармен хабарласып, жағдайларын сұрастырып, байланысты мықты ұстайық.

материал «Отбасым» кітабынан алынды

авторы: Доктор Иашар Ииғит

Бөлісу: