Күйеуім деп айту дұрыс па?

Күйеуім деп айту дұрыс па?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Ғұлама Ибн Кәсир: «Екі жанның арасында ерлі-зайыптылар арасындағы махаббат пен сүйіспеншіліктен асқан ұлы махаббат пен сүйіспеншілік жоқ» деген екен. Расымен де, бір-біріне киім, қорған, тыныштық, тыным болуы үшін жаратылып, Алла араларына мейірім мен махаббат салған ер мен әйел – бір-бірін толықтырушы. 

Артықшылықтарын әйелдерге: «Күйеулерің – Жәннаттарың», «Жарыңның разылығы – Алланың разылығы» деп, еркектерге: «Араларыңдағы жақсыларың – әйелдеріңе жақсы болғандарың», «Дүниедегі ең жақсы нығмет – салиқалы әйел» деп түсіндірген ислам, дұрыс отбасылық өмірді қалыптастыру жолын да көрсетіп қойған.

Әдетте, әйелдер қауымы өмірлік жолдасын «күйеуім» деп атап жатады. Бұл сөздің шығу төркінін білесіз бе? Бұлай айту қаншалықты дұрыс?

Күйеуім деген сөз «күйе» деген сөзден шыққан. Ерте уақытта ер жігіт қайын жұртына барғанда балдыздары «жездем келді» деп әзілдеп, жігіттің бетіне қазанның түбінен күйені алып үстіне жағады екен. Оны көрген үлкендер «мынау қай күйе бала?» деп, содан күйеу бала атанып кеткен екен. Қазіргі таңда көпшілік әйелдер қауымы өмірлік жолдасын күйеуім деп атап жатады. Ал ол сөздің түпкі мағынасы осында. Бұл сөздің орнын басқа да керемет сөздермен алмастырып айтуға болады. Мәселен, жан жарым, балаларымның әкесі, жұбайым, мырзам деген секілді.

Сондықтан, ер мен әйел бір-бірін әдемі есімдермен шақырғаны, еркелеткені абзал. Еркектің әйелге деген махаббаты күштi болса, ол еркек тау қопарады. Әйелдiң ерiне деген махаббаты лүпiлдеп тұрса, шаңырағы жайнап, қазаны қайнап тұрады.

ummet.kz

Бөлісу: