«Әйелді бастан» дегенді біз қалай түсінеміз?

«Әйелді бастан» дегенді біз қалай түсінеміз?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Халқымызда: «Баланы жастан, әйелді бастан» деген даналық бар. Осы қанатты сөздегі «әйелді бастан» деген қатарды біз қалай түсініп жүрміз?

Шын мәнісінде, бұл сөзді көпшілігіміз әйелді ұрып-соғу, күш көрсету деп ұғатындаймыз. Негізі бұл сөздің мағынасы басқада. Жас кезде көрген тәрбие ұзаққа жетеді деген мағынаны білдірсе керек. Жас келін келген кезде, адал жарың отбасыңа енген кезде онымен басынан бастап жақсы сыйлас, басынан онымен көркем мәміледе бол деген жауапкершілік осы бір ауыз сөзге сыйып тұр.

«Әйелді бастан» деген сөзді негізге ала отырып, қате түсәнәп, оны жар етіп ала сала басына әңгір таяқ ойнатып, білгенін жасап жүрген еркек қаншама. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Сыйластықтан асқан махаббат» жоқ деп өсиет етті. Ер мен әйелдің арасында титтей де құрмет болмаса, неке берекелі болмайды.

Мейірім өзені тартылмас үшін, сүйіспеншілік оты сөнбес үшін, сыйластық бағы солмас үшін екі тарап та қолынан келген амалдарды жасауы керек екен. Ерлі-зайыптылардың сезім алауына «отын» болатын амал – екеуара сыйластық екенін естен шығармайық. Сондай-ақ, адал жарыңызды бас кезінен жақсы тәліммен сусындатсаңыз, ол сіздің жүрегіңіздің жемісі, көзіңіздің нұры болмақ.

ummet.kz

Бөлісу: