Әйел – ері үшін гауһар тас, басқаларына алтын

Әйел – ері үшін гауһар тас, басқаларына алтын

Исламдағы отбасы
Жарнама

Әйел кісі өз ері үшін – гауһар тас, ал бөтен еркектерге – алтын болуы керек.. Өйткені , алтын – еркектерге харам етілді. Ал гауһар нұрға бөлейді, қолына алған адамға өз нұрын одан әрі күшейтеді.

Тырнағын бояп, үстіне әтір себіп көшеге шығатын, ерлер назарын өзіне аударатын әйелдердің бәлкім, ер азаматы, жан жолдасы жоқ болар. Бар болса, ондай ер адам қатты қызғаншақ болуы тиіс еді.

Егер ер адам қабырғасын қызғанып, басқарып, қадағалап, ол үшін шешім шығаратын болса, онда әйел ол еркекті сүйе түседі екен. Себебі, әйелдің жаратылысы сондай, ол біреуге сүйенбесе гүлдемейді, ал арқа тіреп, күш-жігер сезінсе, жайқала түседі. Хадисте Саxаба Сағд ибн Ғұбада: «Егер әйелімнің қасынан бөтен еркекті көретін болсам, ол еркекті қылыштың жүзімен ұрар едім», – дегенде, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендер Сағдтың қызғаншақтығына таңырқап тұрсыңдар ма? Мен одан да асқан қызғаншақпын, ал Алла менен де асқан қызған¬шақ», - деген. (Бұxари) Сондықтан ер адамның өз әпке, қарындасын қызғанып, қоруы – оның еркектігінің, ағалық абыройының биіктігінің көрінісі. Еркектің қызғанышынан қақпақ кеткенде - әйелден ұят кетеді. Біз осыны түсінуіміз керек.

ummet.kz

Бөлісу: