Бала тәрбиесі: Атқа мінудің пайдасы

Бала тәрбиесі: Атқа мінудің пайдасы

Исламдағы отбасы
Жарнама

Баланың денесін шынықтыратын жаттығудың бір түрі – атқа міну. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) атқа мініп шабуды балаға үйретуді, оны күнделікті жаттығу ретінде қолдануды айтқан. Ат және түйе жарыстарын өткізіп тұруға шақырған (Нәсәи, Хайл, 6/214-229).

Аталарымыз да баланы жастайынан атқа мінуге дағдыландырып отырған. Бұл сол кездегі өмірдің ең негізгі қажеттілігі еді. Қаншама батырларымыз да ат үстінде отырып елімізді қорғаған.

Атқа міну, бір жағынан, көңіл күйіңді көтеретін болса, екінші жағынан, денсаулыққа пайдалы. Жылқының өз биотогы болады, адам денсаулығына жақсы әсер етеді, қан қысымымен, жүйке жүйесімен ауыратын адамдарға көмегі көп. Атпен баяу серуендегенде, адам денесіне минутына 100 шайқау импульсі беріледі. Ол – массаж, ат үстінде отырған адамның барлық бұлшықеті жұмыс жасайды.

Қазіргі таңда дәрігерлер көптеген жүйке ауруларына да қатысты ем ретінде атқа мінуді қолданып келеді. Сонымен қатар атқа міну баланың денесінің шымыр боп өсуіне, әрі бойына батырлық рухын сіңіруде де өзіндік орны бар.

материал «Исламдағы бала тәрбиесі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: