Отағасы мінезінің бұзылуына үш себеп

Отағасы мінезінің бұзылуына үш себеп

Исламдағы отбасы
Жарнама

Мұсылман əйел күйеуінің ашу-ызасын тудыратын əрекеттерді жасамауы тиіс. Күйеуін ашуландырған əйел екеуінің араларындағы көңілді суытқаннан басқа пайда таппайды.

Керісінше өзінің абыройынан айырылады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір күні сахабаларына Жəннаттық əйелдерді былай суреттеген екен: «Күйеуін өте жақсы көретін, көп бала туатын əйел. Ол күйеуін ренжітіп алғанда немесе күйеуі тарапынан қиянат көргенде, не болмаса күйеуінің қабағы түйілгенін көргенде былай дейді: «Міне, қолымды ұсынамын. Сен риза болғанға дейін жаным жай таппайды».

Хадисте отағасы мінезінің бұзылуының үш себебі айтылады:

1. Күйеуін əйелдің өзі ашуландыруы мүмкін;

2. Күйеуі оны орынсыз сөгуі мүмкін;

3. Күйеуінің басқа бір нəрсеге көңілі

бұзылуы мүмкін. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) осы үш жағдайда да əйелдің мейіріммен, жұмсақтықпен күйеуінің астан-кестең көңілін орнына түсіру керектігін ескертеді. Егер бірінші себепте айтылғандай, əйелі еріне жөнсіз соқтыққан болса, онда əйел өзінің қателігін мойындап, күйеуінен кешірім сұрағаны абзал. Ал екінші себепте айтылғандай ер кісі жоқ жерден ұрыс шығарып, əйелін жөнсіз кінəласа, бұл жағдайда да бірден күйеуімен айтыса кетпеуі керек.

Ашулы кезде күйеуіне өзінің дұрыстығын дəлелдеуге тырыспағаны жөн. Жағдай ушығып кетуі əбден мүмкін. Мұндайда əйел сабыр сақтап, істің тігісін жатыстырып, Жоғарыда айтылғандай, оның дөң айбатын жылы сөздермен басқаны дұрыс. Күйеуі сабырға келген соң істің дұрыс-бұрысын талқылауға болады. Ал үшінші жағдайдағыдай күйеуі сырттан қаһарлы кейіппеноралса, ондай жағдайда да əйелі жылы-жылы сөйлеп, күйеуінің көңілін көтеруге тырысуы керек.

Жоғарыда Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) айтқанындай «Міне, қолымды берейін, сен риза болғанға дейін жаным жай таппайды» деген секілді сиқырлы сөзді де қолдануға болады.

Себебі Алланың сүйікті елшісінің (с.ғ.с) кез-келген сөзді бостан-босқа айтпасы анық. Осы тектес көңілге ерекше əсер ететін сөздердің ерлі-зайыптылар үшін пайдасы орасан.

материал «Ислам жанұясы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: