Ұлты басқа адаммен үйленіп, бақытты бола аламын ба?

Ұлты басқа адаммен үйленіп, бақытты бола аламын ба?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Неке көз жұма қарайтын жай ғана өмірдің бір бөлігі емес.

Бұл ең болмағанда негізгі мәселелерде келісімге келе алатын адамдардың ісі. Егер жұбайымыз бен өзіміздің дүниетанымдық көзқарасымыз, кем дегенде жоғарыда атап өткен мәселелерде қайшы келетін болса, онда бұл неке ұзақ жалғаспайтыны анық. Өзі жұмыс істейтін туристік курортта танысқан Европалық әйелге үйленген бір танысым: «Үйде кез келген нәрседен проблема туындайды. Мәселе не болса да арамызда түсініспеушілік орын алады. Өзге ұлт өкілімен отбасы болу қандай қиын» – деп, үйленген күннен бері жаны тыныштық таппағанын баяндады. Негізі ол қате ойлайды. Оның мазасыздығының себебі жарының басқа ұлттан болуы емес еді. Нағыз себебі олардың өмірге деген көзқарасы мен менталитеті өзге болғандықтан, негізгі мәселелерде сәйкестік таба алмауы болып табылады. Сондықтан да үйлерінде ыдыс-аяқ сылдырламаған күн болмады. Егер дүниетанымдары бір болса, олар өзге ұлт өкілімен үйленудің еш қиындық тудырмайтынын, керісінше, некелік өмірлерінің ерекше бояуға енгеніне куә болар еді.

материал «Бақытқа барлығы лайық» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: