Ер жігіттің өзін-өзі ұстау мәдениеті

Ер жігіттің өзін-өзі ұстау мәдениеті

Исламдағы отбасы
Жарнама

Нағыз ер жігіт болу – тек тыйымдармен өмір сүру емес. Негізінде, барлық нәрсені дұрыс істей білу – азаматқа қажетті қабілет. Нағыз ер жігіт болу үшін ұстанатын өзіндік қағидалар бар. 

Мейрамханада, әрине, спорттық үлгідегі емес, өзіңе үйлесімді әрі ортаға сай костьюм және соған сай аяқ киім киген дұрыс. Өзіңді еркін ұста, қысылып-қымтырылма. Егер ыңғайсыздық туып, өзіңді қолайсыз сезініп жатсаң, іштей «Мен өзімді еркін ұстай аламын!» деп емін-еркін, байқатпай 4-5 рет терең тыныс алсаң, көмектеседі;

Ал театрға немесе киноға барғанда бірінші рет кіріп тұрғаныңды байқатпа. Ешқашан айналаңа таңқалып қарама. Мұндай орындарға ер адам бірінші кіреді. Қыз жігіттің оң жағында отыру керек екендігін есте ұста. Көріп отырған киноң не болмаса сахна көрінісі саған ұнаса да, ұнамаса да, оны сол жерде айтып салудың қажеті жоқ. Бұл да әдепсіздікке жатады. Сонымен қатар, айғайлап күлуден аулақ бол немесе қорқынышты фильм жүріп жатса, қатты дауыс шығарма. Қандай жағдайда да өзіңді ұстай біл;

Мәселен, кішкентай үстелге бірнеше адам отырып қалдыңдар делік. Бір-біріңе денелерің тиіп, ыңғайсыз жағдайға қалдың. Бұндай жағдай көбіне автобуста да болады. Ара қашықтықты сақта. Бұл сенің өз-өзіңді ұстау мәнеріңді көрсетеді;

Адамның дене-тұрқына қатысты сұрақтар орынсыз. Мәселен: «Брекетті қанша теңгеге салдырдың? Линза тағып жүргеніңе қанша болды? Көзілдірігің минус па, плюс па, минус болса қанша? Протез тағып жүрсің бе? Диетадасың ба?» деген сияқты сұрақтар мен толықтық пен арықтыққа қатысты талқылаулардан аулақ бол;

Кейбір жігіттер лифт ішінде мәдениеттілігін көрсеткісі келіп, жол беріп жатады. Сол арқылы қыстырылып, ыңғайсыз жағдайда қалуың мүмкін. Лифтте кім есікке жақын тұрса, сол бірінші шығады;

Бүгінде адамның істейтін жұмысына қызығушылық білдіру, алатын жалақысының мөлшерін ашық сұрау кең таралып кеткені рас. Әсіресе елдің көзінше: «Айына қанша аласың?» деп сұрау мәдениеттіліктің белгісі емес. Ақшаға қатысты сұрақтарға абай болыңыз.

материал «Жігіттің сұлтаны бол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: