Исламдағы әйелге тән этика нормалары

Исламдағы әйелге тән этика нормалары

Исламдағы отбасы
Жарнама

Қоғамның жамандықтардан таза, қауіпсіз болуы үшін әйел этикасы аса маңызды рөл атқарады. Ол шайтанның құрған тұзағынан әлдеқайда алыс.

Әрі еркектердің әйелқұмарлық дерттерінен айығуы үшін Ислам әйелге тән этика нормаларын белгілеген. Олар:


1. Әйелдің үстіне киген киімі шариғаттың белгілеген та- лаптарына сай болуы керек. Яғни, киімінде азғыру, өзгені арбау, нышанының ықпалы болмау қажет. Ол денесінің көркін күйеуінен басқаға жасыруы тиіс. Денесін жұртшылық назарына ұсынбайды. «Ахзаб» сүресінің 59-аятында Алла Тағала былай деп бұйырады: «Әй, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт: «Үстеріне бүркеншіктерін орансын. Бұл олардың танылуларына, сондай-ақ кемсітілмеулеріне жақынырақ. Алла Тағала аса жарылқаушы, тым мейірімді». Яғни, жабық жүру әйелдерге парыз екендігі айтылуда.

2. Еркектерді еліктіретіндей ашық-шашық жалаңаштанып жүруіне болмайды. Сондай-ақ, сөзінде де арбау мен қылымсу болмауы тиіс. Алла Тағала Құранда Пайғамбар әйелдеріне: «Әй, пайғамбардың әйелдері! Тақуалық қылсаңдар, сендер басқа әйелдер сияқты емессіңдер. Сөздеріңде қылымсу болмасын, әйтпесе жүрегінде құмарлық дерті бар кісі зауықтанып қалады. Сондықтан қажетті сөзді ғана айтыңдар», - деп қатаң ескерткен («Ахзаб» сүресі 32-аят).

3. Әйелдің бөтен еркекпен, тіпті болашақ күйеуімен де не-кесі қиылғанша оңаша қалуына болмайды. Алдап-арбауға ұрынып қалмауы үшін еркектермен араласуына болмайды. Қысылтаяң уақытта қасында қамқоршы ер адам болмай қалған аса қажеттілік жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Мысалы, дәрігерлік қызметте болса, мұғалима болса, келісімшартқа отыру кезінде. Мұндай рұқсат берілгеннің өзінде де шариғат қойған әдептілік аясында іске асуы қажет.

материал «Әйелдер тұрғысында 40 хадис және әйел әдебі» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: