Әйелдердің бақыты – «ханым» ретінде өмір сүрулері

Әйелдердің бақыты – «ханым» ретінде өмір сүрулері

Исламдағы отбасы
Жарнама

Әйелдердің бақыты – «ханым» ретінде өмір сүрулері. Әйел негізгі міндетінен тыс кетсе, отбасы ошағын бұзады.

Әйелдің қоғамдық өмірге араласуы тек зәрулік жағдай мен жаратылысына сай жұмыстарда ғана мүмкін болмақ. Бұл зәрулік жағдай обьективті тұрғыдан, яғни қоғамның қажеттіліктеріне қарай белгіленіп, шариғатқа һәм ақылға сай болып, шектен тыс кетпеуі керек. Кейбір бос әуестер не сылтаулармен шариғат өлшемдерінен тыс кету тек өз-өзімізді алдау ғана болып, әрқашан зиянмен аяталған. Қаншама ханым қыздарымыз осылай ақыр заманның ғапылдық иірімінде жоғалып кеткен. Масқаралық пен адасушылықтың үстіне жабылған жылтыр сөздер мен істерге алданған көп қыздарымыз иләһи ақиқаттар алдында бейне бір соқыр болып, ақыры өз бақыттарынан айрылған.

Әйелді балаларының мінез-құлықтарымен айналысудан алыстатып, жаратылыстарына керағар істерге бағыттау имандылыққа да, қисынға да, ақылға да сыймайды. Өйткені, отбасындағы бақыт пен тыныштық тек әйел мен еркекке тән қабілеттер мен ерекшеліктерді орынды қолданып, оларды қорғаумен ғана қол жеткізілетін нәсіп болып табылады.

Әйелдің мінез-құлықтық, қоғамдық және ұлттық тұлғалығы мен айбындылығы тек некенің руханиятына сай өмір сүруінде. Әйел заты бір өзі не бір раушан гүл шоғы емес, не бір тікен де емес. Рухани өмір шарттары бойынша тәрбие алып, жетілсе, раушан гүл болып өседі. Ал, қоғам мен көшенің ынсабы мен ықпалында болса, улы тікенге айналары сөзсіз.

материал «Бір насихат, мың ғибрат» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: