Тіл табыспаса да тату адамдар

Тіл табыспаса да тату адамдар

Исламдағы отбасы
Жарнама

Бір күні осы ерлі-зайыптылардың газетте жарияланған сұхбатын оқып шықтым.

Сұхбаттасу барысында қарым-қатынасын сипаттап: «Біз тіл табыспасақ та тату адамдармыз» – деді. Яғни, араларында ортақ ештеңе болмаса да, махаббаттың маңыздырақ екенін түсінгендіктен, өте жақсы тіл табысатын жұп екендігі туралы әңгіме қозғалды. Оқып жатқан кезімде, олардың ұстанымы мен үшін біртүрлі болып көрінді. Қалайша ешбір ортақ нүктесі жоқ адамдар, бір-бірімен жақсы тіл табысып, көпшіліктің алдында ұзақ уақыт татулығын көрсетуде? Тіпті ұсақ нәрсеге қатысы ешбір ортақ нүктесі болмаған адамдардың, осындай керемет қарым-қатынасы менің осыған дейін білген барлық түсінігімді аударып, төңкеруге жететін еді.

Мәдениеттілігімен ерекшеленетін бұл жұп, кейіннен ым демей, дым демей, тып-тыныш ажырасып кетті. Екеуінің өте мәдени және тәрбиелі түрде ажырасуы, бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) көзіне ілікпеді. Ажырасу ескертіп келген жоқ, тыныш күнде болған жүрек ұстамасы сияқты кенеттен пайда болды. Ең болмағанда, бізге осылай көрінген еді. Бұл хабарды ести сала сол баяғы тамсандырарлық концерттері мен газеттегі мақала көз алдыма келді. Сұхбатты оқығанымда түсіне алмаған бірнеше нәрсе енді ғана мағынаға ие бола бастады. Демек, бәрібір біздің үйрететініміздей, ешқандай ортақ нүктесі жоқ адамдар некені көтере алмайды.

материал «Бақытқа барлығы лайық» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: