Жұмыс істемеген әйелдерде болатын мәселелер

Жұмыс істемеген әйелдерде болатын мәселелер

Исламдағы отбасы
Жарнама

Жұмыс істемеген әйелдерде болатын мәселелер:

1. Үнемі үйде қалған әйел сырттағы адамдарға қарағанда басқаша ойлап, басқаша түсіне бастайды.

2. Жұмыс істемеген әйел өзіне алданыш ретінде көп уақытын базарға, сауда орталықтарына баруға жұмсайды.

3. Балалары мен айналасына үнемі ұрсып, жекіп, кінәні соларға артуға дайын тұрады.

4. Үнемі болымсыз іске бола өкпелегіш, өзін іштей жегіш, психологиялық әлсіз сезінеді.

5. Жарына қарата жоқ нәрседен күмәнданғыш, секемшіл келеді.

6. Өзін басқалардан төмен санап, олардан артық көріну үшін материалдық байлықтарын, ақшасын, үйін, көлігін көрсетуге әуес келеді.

7. Күйеуінің туысқандарының алдында жатып ішер жалқау көрініп, үнемі сөздің ортасында қалады.

8. Қимылсыз, қарекетсіз қалған адам үнемі аурушаң, физиологиялық жақтан бұзылған болып келеді.

9. Отбасында, бала тәрбиесінде мәселе шыққанда жауапкершіліктің бәрін отағасыға артып, өзі үнемі жауапкершіліктен қашатын болады.

материал «Жұбайлар шаттығы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: