Күйеуім енеммен ұрысып қалса екен!

Күйеуім енеммен ұрысып қалса екен!

Исламдағы отбасы
Жарнама

Біріншіден, күйеуіңіз сіздің сөзіңізді сөйлегеннен сізге пайда жоқ.күйеуіңіз бен анасының қарым-қатынасы дұрыс болмаса, онда күйеуіңіз көзіңізге шөп салып, ана махаббатының орнын толтыруға тырысады.

Екіншіден, туысымен байланысты үзген және туысқандар арасындағы байланысты үзген адам жәннәтқа кірмейді. Енеңіз бен күйеуіңіз сіз үшін жанжалдасып қалған кездегі ләззәт, жәннәттің ләззатынан бас тартуға тұрмайды. Керісінше сіз үшін жанжалдасқан анасы мен баласын татуластырғаныңыз жөн. Егер сіздің қатысыңызсыз араздасқан туысқандарды татуластырсаңыз, Раббымыздың мол сауабына, жақындарыңыздың алғысына кенелесіз. Бұл мәселенің маңыздылығы сонша, Алла Тағала татуластыру мақсатында өтірік айтуға рұқсат беріп қойған. Ата-анамен ұрысу түгілі «уф» деп айтуға Әл-Маниғ тыйым салды. Күйеуіңіз анасымен ұрысып, ол кісінің алғысына емес, қарғысына ұшыраса, екі дүниеде де опық жейді. Барлық әйелдер қауымы ерлерінің жетістікке жеткенін, табысының берекелі болғанын, биік белестерді бағындырғанын қалайды. Анасының разылығы көп мәселені шешуге себеп. Ата-ананың баласы үшін жасаған дұғасы қайтарылмайды.

Ене біздің де анамыз. Аналарымызбен ұрысып, сөз қайтармақ түгелі «уф» деп айтпайықшы, құрметті қыздар!

материал «Ене мен келін» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: