Әйелдің қолдауы – ер адам үшін үлкен мотивация

Әйелдің қолдауы – ер адам үшін үлкен мотивация

Исламдағы отбасы
Жарнама

Халық аузында «Жетістікке жеткен әр еркектің артында әйел тұрады» деген сөз кеңінен тараған.

Негізінде, бұл тұжырымның нағыз мағынасы біз ойлағаннан да тереңірек. Табысты адам дегеніміз – үйден тыс жұмыстарда топты жарып шығып, қажетті жетістікке жететін күйеу. Ол үлкен мақсат қойып, тырмысқан нысанасына жеткенге дейін туындайтын ауыр күйзелісін жұмысынан үйіне көтеріп әкеледі де, барлық отбасы мүшелеріне таратады. Бірақ ол ердің әйелі бұл қиындық кезінде күйеуімен жанжал шығарудың орнына, жарының мақсатына жылдам жету үшін жағдай жасап, ұсақ-түйек мәселелерге көңіл аудармай, күйеуіне қысым көрсетудің орнына, жарының көңілін көтеріп, қолдау берсе дұрыс болады. Қиын-қыстау кезеңде әйел адам күйеуінің мақсатына жетуін шын жүректен қалап, отбасылық жауапкершіліктерін бұрынға қарағанда арттырып, отбасының берекесін қолдайтын болса, ер адамның жетістікке жетері рас. Әйелі беретін қолдау – ер адамның рухы үшін ең үлкен мотивация.

материал «Бақытқа барлығы лайық» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: