Ата-анасының көңілін тапқан адамның дұғасы қабыл

Ата-анасының көңілін тапқан адамның дұғасы қабыл

Исламдағы отбасы
Жарнама

Абдулла ибн Омардың (р.а.) жеткізген хадисінде Пайғамбарымыз (с.а.у.) бағзы замандардағы үш кісінің басынан өткен мына бір оқиғаны баяндау арқылы бізге аса маңызды ақиқатты білдірген:

«Сендерден бұрын өмір сүрген үмбеттердің арасында үш кісі жолға шықты. Кеш түсіп кеткендіктен бір үңгірге барып түнеуге мәжбүр болды. Таудан домалап түскен үлкен бір жартас үңгірдің аузын бітеп қалады. Араларындағы біреуі «бізді бұл жағдайдан жақсы амалдарымызды шапағатшы ете отырып, Аллаға жасаған дұғаларымыз құтқаруы мүмкін», – дейді. Сол кезде бірінші адам: «Менің әбден қартайған әке-шешем бар еді. Мен оларға қатты қамқорлық жасайтынмын. Кеш болса, олардың қарнын тойдырмай тұрып бала-шағама да, малдарыма да ешнәрсе бермейтінмін. Бір күні отын алып келу үшін алыс жолға шығуға мәжбүр болдым. Үйге қайтып келгенімде екеуі де ұйықтап қалған екен. Сүт сауып әкелдім, қарасам әлі оянбапты. Олардан бұрын ешкімге ішкізіп-жегізуді қаламадым. Кеш болып кеткендіктен бала-шағам аштықтан аяғыма оратылып жатты. Мен болса сүт құйылған ыдысымды ұстаған күйі олардың оянғанын күттім. Өстіп жүргенде таң да атты. «Уа, Жаратқан Ием! Бұны Өзіңнің разылығың үшін жасағанымды білесің, үңгіріміздің аузын жауып қалған мына жартастың аузын аша гөр!» – деді. Тас шамалы жылжыды. Бірақ денелері сыярлықтай емес еді..».

Бұл хадистің ары қарай жалғасы бар. Бірақ біз тақырыбымызға қатысты бөлігін ғана алып отырмыз. Бұл жерден біздің ұғарымыз – ата-анаға жасаған жақсылығымыз үшін Аллаyың да бізге жақсылық жіберетіні және ата-анасының ақ батасын алған адамдардың жасаған дұғасының қабыл болатындығы.

материал «Бір насихат, мың бір ғибрат» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: